АУДАНДА БИЫЛ БЕС МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛҒАН

АУДАНДА БИЫЛ БЕС МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛҒАН

АУДАНДА БИЫЛ БЕС МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛҒАН

Мұнайлы ауданында бес мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылып, тұрғындарды жұмыспен қамту туралы жоспар тиісті деңгейде орындалып келеді. Бұл туралы аппарат жиынында аудандық “Мансап” орталығының басшысы Ақмарал Нұрбаева хабарлады.

Айтуынша, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша биыл ауданда 704 жұмыс орны құрылуы қажет болған. Ал, “Мансап” орталығымен бірлесе отырып, 802 жұмыс орны құрылған.

Ұлттық жобалар аясында, 11 жоба бойынша 535 адам жұмыспен қамтылған. Жұмыс берушілерден түскен бос жұмыс орындарына 1270 адамға сұраныс болса,оның ішінде 1076 адам аудан аумағына қарасты мекемелерге тұрақты жұмысқа жолданған.

Сонымен бірге, жастар практикасына  
234, әлеуметтік жұмыс орындарына 82, қоғамдық жұмысқа 351 адам жолданған. «Алғашқы жұмыс орны” жобасына 31, «Күміс жас» жобасына 101, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 3 адам қызметке орналасқан.

Аудан бойынша, биыл 4799 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыспен қамту деңгейі 80% - ды көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда өскен.

Жиын соңында аудан әкімі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін жиі ұйымдастыруды, ауыл әкімдеріне халықпен тығыз жұмыс істеп, оларды қызметке орналастыру жағына аса мән беруді тапсырды.