Ораза айт мерекесі тағы құтты болсын!

Ораза айт мерекесі тағы құтты болсын!

Бүгін исі мұсылман қауым үшін Рамазан айы аяқталып, қасиетті Ораза айт басталды. Қасиетті Рамазан айы отыз күн ораза ұстаған мұсылман қауымы айт мерекесін ыстық ықыласпен қарсы алады. Бұл мереке ислам күнтізбесіндегі екі ең ұлық мейрамдардың бірі саналады. Бұл күні әрбір мұсылманның шаңырағында дастархан жайылып, қонақтар шақырылады. Ренжіскен адамдар татуласып, қайырымды іс жасаған әрбір мұсылманға Алладан үлкен сауап жазылады. Рамазан – береке мен бірлік, қайырымдылықтың айы болса, Ораза айт адамдардың жан дүниесін қуанышқа бөлейтін, Ұлық мереке деп саналады.
Баршаңызды жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге де жеттік.
Еліміздегі барша мұсылмандар күннің ыстығына қарамастан, Рамазан айын жақсы ниетпен, оразамен өткізді. Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылды. Осы берекелі айда мешіттерімізде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмектер көрсетілді. Сауабы теңдессіз осынау жақсы істерге үлес қосқан жерлестеріме өзімнің және аудан тұрғындары атынан «Алла разы болсын» деймін.
Жаратушымыз бүгінгі ұлық мерекесінде тәуелсіз елімізге, бауырмал халқымызға шапағатын жаудырсын! Ел болып бастаған игі істерімізді қолдап, келешегімізді жарқын етсін деп тілеймін. Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын ағайын! Ораза айт мерекесі тағы құтты болсын!

Құрметпен,
Аудан әкімі Р.Елтизаров