Мұнайлы ауданы бойынша ерекше балаларға қызмет көрсететін инвотаксилер қатары көбеюде. Бұған дейін ауданда 2 инвотакси болса, қазіргі таңда көліктер саны 3 инвотаксимен толықты. Бұл туралы үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Феруза Исмагулова хабарлады.
- Инвотаксилер аудандағы 91 мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетеді. Олардың 47-і ересек адам болса, 44-і балалар. Өтінім бірінші кезекте жұмыс жасайтын мүгедектігі бар адамдардан, жоғары оқу орнына баратын студенттерден, емге қатынайтын балалардан қабылданады. Жыл басынан бері инватакси қызметіне 4 мыңға жуық өтінім түсті. Орталықтың теңгерімінде 3 инватакси автокөлігі бар. Келесі жылы олардың санын көбейту жоспарда бар, деді Феруза Исмагулова.
Инвотакси қызметін тұрақты қолданушылар арасында жақсы пікір білдіретін тұрғындар да жоқ емес. Солардың бірі - Құндызай Жұбаева
- Инвотакси қызметін 2 жылдан бері пайдаланып келемін. Жүргізушілер баратын жерімізге уақытылы жеткізіп тастайды. Жағдайымызды жеңілдетіп жатыр. Өйткені, ерекше балалармен таксиге отыру қиындық тудырауда. Сондықтан, алғыс білдіремін,- деді тұрғын.