Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдады

 

Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдау Мұнайлы аудандық “Аманат” партиясының ғимаратында өтті.

Тұрғындар аудан басшысына медициналық көмек, тұрғын -үй, мүгедектік және жұмыссыздық мәселелері бойынша жүгінді. Азаматтардың сұранысын қанағаттандыру үшін оларға заң аясында кеңестер беріліп, мәселені шешу жолдары талқыланды. Мысалы, тұрғын - үй мәселесі бойынша жүгінген тұлғаға үй кезегі рет - ретімен жүзеге асып жатқаны және ол “Отбасы банкке” үй жалдау құнын төлеу бойынша хабарласа алатыны айтылды. Ал, медициналық көмек сұраған тұрғынға, аурухана тарапынан қандай көмек көрсетілетіні айтылды.

Сонымен қатар, Маңғыстау ауылының тұрғыны үйдің шатырына қатысты мәселемен жүгінді. Аудан әкімі орынбасарлары мен бөлім басшыларына бұл мәселені шешу бойынша тапсырма берді.