В селе Атамекен начались работы по укладке асфальта

В селе Атамекен начались работы по укладке асфальта

Атамекен ауылындағы “Арай” және “Қаламқас” тұрғын массивтеріне асфальт төселмек. Қазіргі таңда мұнда жол тегістеу жұмыстары басталды.

Ауыл әкімі Ерлан Қайнаровтың айтуынша, мердігер мекеме “Нұрлы Жол” ЖШС. Алдағы уақытта екі массивке 7,9 және 9,2 шақырымды құрайтын асфальт салынбақ.

Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Нұрхан Мұстафаевтың төрағалығымен жиын өтті. Нұрхан Алиханұлы жол төсеу жұмыстарына жауапты мердігер мекеме өкілдері мен ауылдық округ әкіміне, жауапты мамандарға жол сапасына аса мән беріп, әрбір мәселені баса назарға алуды тапсырды.

-Жол сапасын жақсарту – бізге қойылған басты міндет. Жолдардың сапалы салынуына кәсіби мамандардың тікелей әсер ететіні жасырын емес. Бұл ауыл тұрғындарының көптен күткен қуанышы. Сондықтан, жол төсеу барысында пайда болған мәселелерді көзден таса етпеу қажет. Ауылішілік жолдардың сапасын арттырып, аудандағы инфрақұрылымды дамытуда жол қауіпсіздігі мен тұрғындарға деген қамқорлық басты рөль ойнайды,- деді ол өз сөзінде.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары арасынан, “Халықтық бақылау” тобы құрылатынын атап өтті.