42 500 теңге алғаны үшін ешкім қылмыстық жазаға тартылмайды

42 500 теңге алғаны үшін ешкім қылмыстық жазаға тартылмайды

42 500 теңге алғаны үшін ешкім қылмыстық жазаға тартылмайды

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Бірде-бір адам 42 500 теңге алғаны үшін, тіпті жіберген қателігі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ. Осыған нүкте қояйық. Біз үй-үйді аралап тексермейміз. Уайымдамаңыздар, сізге берілсе, алыңыз, жұмсаңыз. Тексерсе, бізді тексереді»,- деді министр.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын!
Ұлт болып ұйысып, бұл сынақты бірге еңсерейік!