Мұнайлыда демалыс күндері заң бұзған 137 көлік жүргізушісі ұсталды

Мұнайлыда демалыс күндері  заң бұзған 137 көлік жүргізушісі ұсталды

Мұнайлыда демалыс күндері  заң бұзған 137 көлік жүргізушісі ұсталды

Жол-көлік оқиғасын азайту және жол қозғалысы ережелері мен заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында Мұнайлы аудандық полиция бөлімі қызметкерлері күн сайын рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Кезекті “Ксенон” және “мас жүргізуші” рейді барысында демалыс күндері барлығы 137 заң бұзған көлік жүргізушілері ұсталды. Атап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 591, 593, 595, 599, 590, 606, 615, 230  баптары бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Өзге де заң бұзушылықтар бойынша 19 жүргізуші ұсталған.

Сонымен қатар, патрульдік полиция ротасының қызметкерлері  “Daewoo Nexia”  және “Lada priora” маркалы автокөліктерді  тоқтату барысында, жүргізушілер көлікті мас күйінде жүргізгендігі анықталды.

Құқық бұзушыны ұстаған полицейлер, наркологиялық сараптамадан өтуге жіберіп, оның нәтижелері бойынша  мас болу дәрежесі анықталды. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің  608-бабына сәйкес іс қозғалып, көліктер айыптұраққа жабылды.

Оған қоса  рейд кезінде көлік құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң автокөлік басқарғаны белгілі болып, ҚР ӘҚБтК-нің 612 бабы 3б бойынша хаттама жасақталып, көлігі айыптұраққа жабылды.  Тиісті құжаттар жинақталып, тиісті шешім шығаруға аудандық сотқа жолданды.