ДӘУЛЕТ АУЫЛЫНА ӘКІМ САЙЛАНДЫ
Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында өткен сайлау қортындысы бойынша Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 22 қаңтардағы № 1 шешімімен, Дәулет ауылдық округінің әкімі лауазымына Жақаев Жанболат Елубайұлы сайланды.
Жақаев Жанболат Елубайұлы
1996 жылы 4 шілдеде Жаңаөзен қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2017 жылы Алматы менеджмент университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2017 жылы «Мұнайлы-Қызмет» ЖШС заңгер болып бастаған. 2018 жылы «Казкоммерцбанк», «Халық Банк» АҚ қызмет еткен. 2020-2022 жылдары «Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман болды. 2022-2023 жылдар аралығында Дәулет ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Аудан әкімі Е. Күмісқалиев қызметке кіріскен ауыл әкімін тұрғындарға таныстырды. Алда атқарылар жұмыстарды тапсырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Жаңа әкімге Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Зәуреш Нұрболат қызметтік куәлік тапсырды.