2022 жылы Мұнайлы ауданында 8 ойын алаңы пайдалануға берілді

2022 жылы Мұнайлы ауданында 8 ойын алаңы пайдалануға берілді

2022 жылы Мұнайлы ауданында 8 ойын алаңы пайдалануға берілді

Өткен жылы Мұнайлы ауданында 8 заманауи ойын алаңының құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

Атап айтсақ, Басқұдық ауылдық округінде 2, Дәулет ауылында 1, Маңғыстау ауылында 1, Батыр ауылдық округінде 1, Атамекен ауылында 2, Қызылтөбе ауылында 1 ойын алаңының құрылысы бітті.

Басқұдық ауылының әкімі Жамбыл Әбдірахманұлының айтуынша, тұрғындардың сұранысы бойынша ойын алаңдары Достық және Шаттық көшелеріне қойылған.

- Екі ойын алаңының көлемі 299 шаршы метр аумақты құрайды. Ойын алаңына 4 әткеншек, 2 сырғанақ, жасанды жасыл алаң қойылды,-деді Жамбыл Әбдірахманұлы.

Сонымен қатар, ойын алаңының жанына 72 шаршы метр жаяу жүргіншілерге арналған жол салынып, сыртқы қоршаумен жабдықталған. Жобаға 6 млн. тг қаражат жұмсалған.

Ауыл тұрғыны Жұмабай Құсайынұлы ойын алаңының салынғанына ерекше қуанғанын айтады.

- Былтыр ауыл тұрғындары болып, 2 көшеге ойын алаңын салуға ұсыныс бергенбіз. Әкімдік ұсынысты қабылдап, су жаңа алаңқай пайда болды. Алдымен, балалар үшін қуанышты жаңалық болды. Айналасы да көгалдандырылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Тұрғындар енді бұзбай, бүлдірмей ұстауымыз керек. Аудан әкімі Ержан Күмісқалиевке ерекше алғыс білдіреміз,-деді Жұмабай Құсайынұлы.