Үкіметтік емес ұйым өкілдерің назарына!

Үкіметтік емес ұйым өкілдерің назарына!

Мұнайлы ауданының әкімдігі үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі басталғандығын хабарлайды. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес, мәліметтер 2023 жылдың 31 наурызына дейін жолдануы тиіс.

Мәліметтер «Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы №51 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша ұсынылады.

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы (интернет-порталда авторизациядан өту ХҚКО-да алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады) ұсынады.

Уақытылы есеп беру ақпаратын ұсынбаған үкіметтік емес ұйымдар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады және Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес, мәжбүрлі түрде тарату шаралары қолданылатындығын ескертеміз.

Қосымша сұрақтар бойынша аудандық ішкі саясат бөлімі, 46-62-28 немесе 8 (747) 184-76-46 телефондарына хабарласуға болады.