МҰНАЙЛЫДА ЖЫЛ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛДЫ

МҰНАЙЛЫДА ЖЫЛ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛДЫ

МҰНАЙЛЫДА ЖЫЛ ҮЗДІГІ АНЫҚТАЛДЫ

Мұнайлы ауданында жыл сайын жастарды еңбекқорлыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, белсенділігін арттыру үшін "Жыл үздігі" жастар сыйлығы шарасы өтеді. Игі дәстүрге айналған шара аудан әкімінің қатысуымен биыл да өз жалғасты.

Аталған мерейлі шарада аудан басшысы Ержан Күмісқалиев жыл қорытындысы бойынша  өз саласында белсенді болып, табысқа қол жеткізген аудан жастарына "Жыл үздігі  - 2022" номинациясын табыстады.

Үздік көшбасшыларды анықтайтын бұл шарада 11 номинация бойынша 11 жеңімпаз анықталды.

Олар:

1. «Үздік жас медицина қызметкері» - Ербол Ахмедов;
2. «Үздік жас ұстаз» - Айбек Арсланбаев
3. «Үздік жас теміржолшы» - Аскат Шарапатдинов;
4. «Үздік жас  құқық қорғаушы» - Нұржамал Тажибева;
5. «Үздік жас спортшы» - Асем Танаторова,
6. «Үздік жас әлеуметтік сала қызметкері» - Динара Сарбасова;
7. «Үздік жыл волонтері» - Самал Базарбаева;
8. «Үздік жас волонтер» - Айнұр Әби;
9.«Үздік жас мемлекеттік қызметкер» - Алмас Дюсенов;
10. «Үздік жас кәсіпкер» - Жамилакан Джалгасова және "Үздік жас мәдениет қызметкері"  номинациясымен  Қосымбаев Зейнеттулла марапатталды.

Сондай - ақ кеште ауданның құрылғанына 15 жыл толуына орай, қараша - желтоқсан айында футболдан өткен аудан әкімінің кубогының жеңімпаздары қоса  марапатталды. Ала доп додасында оза шапқан командаларға марапатпен қоса қаржылай сыйлық та берілді.