141 мұнайлылық тұрғын қайтарымсыз грант алды

141 мұнайлылық тұрғын қайтарымсыз грант алды

Мұнайлы ауданының  141 тұрғыны жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грантты ұтып алды.

Грант мал шаруашылығы, сұлулық салоны, тігін, шаштараз, баспахана, мебель цехтары, кілем жуу орталықтарын ашу бағытындағы жобаларға берілген.

Биыл 621 адам «Бастау бизнес» курсына оқуға жолданып, 354 адам курсты аяқтады. Олардың 254-і жастар, 23-і аз қамтылғандар,  54-і мүгедектігі бар, ал 290-і өзге  санаттағы адамдар.

Жаңа бизнес идеяны іске асыруға 141 адамға грант берілген болса, оның 83 - і осал топтағы адамдар, 58-і жастар. Қайтарымсыз грант иегерлері атанған жас кәсіпкерлер бүгінгі таңда әр салада өздерінің кәсіптерін дөңгелетіп отыр.