Мұнайлы ауданының әкімі Е.Күмісқалиев Батыр ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Мұнайлы ауданының әкімі Е.Күмісқалиев Батыр ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.

Көшпелі кездесудің бүгінгі көрінісі Батыр ауылдық округі тұрғындарымен өтті. Мұнайлы ауданының әкімі Е.Күмісқалиев №15 мектепке жиылған тұрғындарға ауданда атқарылған бірқатар жұмыстар барысын, алға қойылған жоба-жоспарлар көрсеткішін баяндап берді.

Ауылдық округ тұрғындары аудан басшысына газ, су, жол мәселелері, автобустардың аздығы маңызды мәселе екендігін, сондай - ақ ауылды абаттандырып, мәдениет, руханият ошақтарын көбейтсек,  азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі үшін аудан орталығына қатынамай, өз ауылымыздан сондай бір жәрмеңке ашылса деген ұсыныстарын жеткізді.

Аудан әкімі құбыр мәселесі шешілсе, суға қатысты  сұрақтар да бірте - бірте жауабын табатындығын, ауылды абаттандыру, көркейту мәселесі де  қаражаттың бөлінуіне қарай шешімін табатындығын айтты.

Кездесуге жиналған тұрғындар "Тазалық - өз қолымызда. Ауылымызды өзіміз ауызбіршілікпен күтіп, таза ұстайық" - деп бір - бірін татулыққа үгіттеді.