Бүгін Мұнайлы ауданының әкімі Е.Күмісқалиев Қызылтөбе ауылдық округіндегі №6 орта мектепте ауыл тұрғындарымен кездесті

Бүгін Мұнайлы ауданының әкімі Е.Күмісқалиев Қызылтөбе ауылдық округіндегі №6 орта мектепте ауыл тұрғындарымен кездесті

Бүгін Мұнайлы ауданының әкімі Е.Күмісқалиев Қызылтөбе ауылдық округіндегі №6 орта мектепте ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауданда атқарылған бірқатар жұмыстардың барысын ақпараттандырды және алдағы уақытта жүзеге асатын жоспарлармен бөлісті.

Халықты толғандыратын мәселелердің басым бөлігі жол жөндеу, көшелердің жанбай қалған түнгі жарығын қалыпқа келтіру, жаяу жүргінші жолдарын, мектеп, спорт зал және ойын алаңдарын салу, тағысын тағы ұсыныстардан құралды.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға рет-ретімен жауап берген аудан басшысы Қызылтөбе-2 ауылынан 1200 орындық мектеп құрылысына мемлекеттік сатып алу конкурстық рәсімдері жүргізіліп жатқандығын айтты.
Қоқыс контейнерлері қажет деген тұрғындарға қоқысты үйдің алдынан алып кететіндігі түсіндірілді. Қайда барсақ та алдымыздан шығатын ит мәселесі төңірегінде халықтың алаңдаулары орынды. Ит аулау жұмыстары кешенді жүргізіліп жатыр десек те, сол «төрт аяқты» жануарға ие болу тұрғындардың өзіне де байланысты екенін айтты әкім. Оның сөзінше Қызылтөбе, Батыр ауылдық округтерінен 3 жекеменшік спорт кешені ашылу жоспарлануда. Ал асфальт, тоқ мәселелері әзірге қиындау, қаражатты талап етіп тұрған шаруалар.

Әкімнің жеке қабылдауына кірген тұрғындар өздеріне, кейбірі бала-шағасына жұмыс сұрап келді. Аудан басшысы ешқайсысын жауапсыз қалдырмады.