№4 орта мектепте Е.Күмісқалиев пен ауылдық округ әкімі Н.Беков халықпен жүздесті.

№4 орта мектепте Е.Күмісқалиев пен ауылдық округ әкімі Н.Беков халықпен жүздесті.

12-22 қыркүйек аралығында Мұнайлы ауданы әкімі Е.Күмісқалиевтің аудан тұрғындарымен көшпелі кездесулері жоспарланған. Соған сәйкес алғашқы кездесу 12 қыркүйек күні Атамекен ауылдық округінен басталған болатын. Бүгін әлеуметтік желі парақшаларымызда алдын ала хабарланғандай, Дәулет ауылдық округіндегі  №4 орта мектепте Е.Күмісқалиев пен ауылдық округ әкімі Н.Беков халықпен жүздесті. 

Е.Күмісқалиевтің  ауданымызда атқарылған жұмыстар мен шешімін тапқан мәселелер, алдағы жоспарлар жайлы қысқаша мәліметінен соң аудан тұрғындарының сұрақтарына кезек берілді. 

Тұрғындар тарапынан коммуналдық төлемдер, жол, көше жарық шамдары мәселелері, сонымен қатар оқушыларға арналған автобустардың жетіспеушілігі жайлы сұрақтар қойылды.  

Аудан басшысы  конкурс өткізіліп, жеңімпаз мердігер мекеме анықталған соң  №13 маршрут санын көбейту жоспарда бар екенін жеткізді.

Е.Көпжасарұлына  жеке мәселелері бойынша қабылданған тұрғындар  жұмыссыздық, кәсіпкерлік бағытында  толғандырған сұрақтарына жауап алды.