Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында олимпиада болып өтті

Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында  олимпиада болып өтті


Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласында жалпы білім беру ұйымдарының  9-11 сынып оқушылары арасында 21-23 қаңтар күндері өткен ІІ республикалық Абай олимпиадасына ауданымыздан үш оқушы қатысып, үшеуі де жүлделі орындарға ие болды. №5 орта мектептің 11-сынып оқушысы артықбаева Үмітай І орын, №5 орта мектептің 10-сынып оқушысы Абдуллаева Гулбану «Үздік нәтиже», №3 орта мектептің 9-сынып оқушысы Төлегенова Гүлнұр ІІІ орын  алып,  аудан абыройын асқақтатты. Жүлдегер оқушылардың жетекшілері: Алдабергенова Замира Арғынғазықызына, Садирова Сәуле Ксенбайқызына және Мухаммедова Гүлнар Кадырбайқызына алғыс білдіре отырып, оқушыларға талаптарыңыз таудай болсын, алар асуларыңыз көп болсын деген тілек білдіреміз! Жарайсыңдар!