Мұнайлы ауданы әкімі Күмісқалиев Ержан Көпжасарұлы халықпен кезекті тоқсандық кездесу өткізді

Мұнайлы ауданы әкімі Күмісқалиев Ержан Көпжасарұлы халықпен кезекті тоқсандық кездесу өткізді

Мұнайлы ауданы әкімі Күмісқалиев Ержан Көпжасарұлы халықпен кезекті тоқсандық кездесу өткізді. Ержан Көпжасарұлы бірінші кезекте аудан тұрғындарын ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, халықпен кездесуде Маңғыстау ауылы әкімінің м.а. Айдос Джұмажанұлының есебі тыңдалды. Ол жүргізіліп жатқан жұмыстар және білім беруді, әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Айдос Джұмажанұлының биыл атқаратын жұмыстары:
1. Шерқала т.ү.м. саябақ құрылысын аяқтап, халық игілігіне беру;
2. Маңғыстау ауылы бойынша көп пәтерлі 10 тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу;
3. Ауыл тазалығын қамтамасыз ету және үнемі бақылауда ұстау. Ауылды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын сапалы жүргізу. Орталық көшелер мен жаяу жүргінші жолдардың қураған шөптерін тазалау және ауыл көлеміндегі ағаштарды суару, көп қабатты тұрғын үйлер арасындағы қураған ағаштарды кесу және тасымалдап шығару;
4. Айрақты т.ү.м. балалар ойын алаңы мен спорт алаңын аяқтау;
5. Маңғыстау ауылы, № 25 үй алдындағы спорт алаңын күрделі жөндеуден өткізіп, халық игілігіне беру;
6. 2006 жылдан бері Маңғыстау ауылында жер кезегінде тұрған азаматтарға кезектілікпен жер учаскелерін беру;
7. Маңғыстау ауылындағы «Тәуелсіздік» саябағын күтіп ұстау. Бейне бақылау камераларын орнату;
8. Айрақты тұрғын массивінен Маңғыстау ауылына дейін жаяу жүргіншілер жолын салу;