
Қадірменді Мұнайлылықтар!
Жаңа жыл – зор қуанышпен асыға күтетін, жаңа мақсат-міндеттер белгілейтін және болашақтан жақсы үміт күттіретін мерекелердің бірі.
Өтіп бара жатқан 2019 жыл Мұнайлы ауданы үшін елеулі жетістіктер мен толағай табыстарға толы жыл болды.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономика саласы серпінді дамып, халқымыздың әл-ауқаты артты. Осы орайда, өткен жыл еліміз үшін оның ішінде біздің мерейлі Мұнайлымыз үшін бірлік пен берекенің, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен берекелі жыл болды.
Сол келелі істер алдағы уақытта да өз жалғасын таба беретін болады. Ауданымыздың бұл табыстарында әрқайсыңыздың жеке үлестеріңіз бар. Бұл - сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің жемісі.
Алдағы уақытта ауданымыздың игілігі үшін атқаратын істер көп, сондықтан 2020 жыл – нәтижелі істерге толы болады деп сенемін.
Осы тұрғыда жаңа жыл ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!
Қымбатты жерлестер!
Келер жыл өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай! Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін. Жаңа жыл үлкен үміт, шаттық пен қуаныштың жылы болсын!
Жаңа жыл құтты болсын, ардақты ағайын!
Құрметпен,
Аудан әкімі Р.Елтизаров