Бүгін Фариза Оңғарсынова атындағы орталық мәдениет үйінде шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында аудан тұрғындары мен кәсіпкерлеріне мемлекеттік қолдауларды түсіндіру бағытында кездесу өтті.
Кездесуге Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, облыстық жер қатынастары басқармасы, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры, "Қазақстан Халық Банкі" АҚ өкілдері, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі және ауданның 100 - ге жуық тұрғыны мен кәсіпкерлер қатысты.
Басты мақсат - мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.
Кездесу барысында тұрғындар мен кәсіпкерлер Мемлекет тарапынан инвестициялық жобаларды қолдау шаралары, ауыл шаруашылығы саласындағы қолдау шаралары талқыланып, қойылған сұрақтарға толығымен жауап алды.