Жақында ғана Ақтау қаласының әкімдігі облыстық Бекет ата мешітінен “Сауап жасап жарысайық” атты эстафетаны қабылдап, өзге әріптестеріне жолдаған еді. Аталған эстафетаны Мұнайлы ауданының әкімдігі де қабыл алды.
Бүгін аудандағы “Жанұя” орталығымен бірлесе 20 мүжәлсіз және мүгедек бала асырап отырған, көмекке мұқтаж аналарға азық-түлік, балаларына тәттілер таратылды.
Рамазан айының соңғы күндері жасаған барша амалдарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болып, сауабы еселеп жазылғай!