БАЯНДЫДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

БАЯНДЫДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Бүгін 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай және тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Баянды ауылында Стрит ворк аут және балалар ойын алаңы ашылды.

Салтанатты шараға Баянды ауылы ардегерлер кеңесінің төрағасы Қ.Боранбаев және ауылы әкімі Дастан Мураталиев қатысып сөз сөйледі.

Маусым айының алғашқы күнін балалар мерекемен қарсы алады. Олардың тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғалатын күн ретінде мерекелейді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл атаулы күннің берекесі баянды бола берсін! Мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан жас қазақстандықтардың кемел келешегіне Елбасымыз Н.Назарбаев үлкен себебін жасауда. Олардың білім алуы мен мүмкіндігін таныту жолындағы кедергілер алынған. Жасалуға тиісті жағдайлар да жүзеге асып жатыр деп сеніммен айтамыз.

Құрметті балауса балғындар!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, есен де сау ел мақтаныштары болуларыңызға тілектеспіз! Көк аспандарыңыз әрдайым ашық болып, аталарыңның бастан кешкен қиыншылықтары сендерге жолықпасын. Ата-аналардың үмітін ақтаңыздар! Үлкен азамат болып өсе беріңіздер!

Ауыл клубы өнерпаздары балаларға ән шашуларын тарту етіп, жергілікті кәсіпкерлер тегін балмұздақпен тәттілер таратты.