Мұнайлыда жылына орта есеппен 4000 сәби дүниеге келеді

Мұнайлыда жылына орта есеппен 4000 сәби дүниеге келеді

Мұнайлы ауданында жылына орта есеппен 4000 сәби дүниеге келеді. Жалпы Маңғыстау облысы бала туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда.

Мұнайлы ауданының өзінде 2007 жылы 1,4 мың сәби туылса, 2020 жылы көрсеткіш 4 есе өсіп, 4,9 мың сәбиді құраған. Аудан тұрғындарының саны табиғи өсім негізінде артуда.

Қазір Мұнайлы ауданында ресми дерек бойынша 175 500 тұрғын бар. Айта кетейік, 1-қыркүйекте халық санағы жүргізіледі.