Мұнайлыда тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында спорт алаңы ашылды

Мұнайлыда тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында спорт алаңы ашылды

Қызылтөбе ауылдық округінде «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» қарсаңында спорт алаңы пайдалануға берілді. Аудан әкімі Рахат Тезекбайұлы мен зиялы қауым өкілдері, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары алаңның салтанатты түрде лентасын қиды. Жалпы көлемі 800 шаршы метрді құрайтын алаңда түрлі спорттық шараларды ұйымдастыруға болады. Қазірдің өзінде жастар воллейбол, баскетбол, футбол сынды ойындарды жаңа алаңда ұйымдастырып жүр.

«Құрметті Қызылтөбе ауылының тұрғындары,  баршаңызды бүгінгі салтанатты шарамен құттықтаймын. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында осындай игі шаралардың болуы үлкен қуаныш деп есептеймін. Жалпы Мұнайлы ауданы бойынша 180 мыңдай тұрғынымыз бар. Оның ішінде Қызылтөбе ауылы өзгеше. Өйткені бұл тауданның қарашаңырағы», - деді Рахат Тезекбайұлы.

Спорт алаңының ашылуына жергілікті әкімдіктен бөлек «Сүйіндік ата» қоғамдық қоры мұрындық болды. Алаңды тек оқушылар емес жалпы ауыл тұрғындары тұтына алады.