МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА 2500-ГЕ ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА 2500-ГЕ ЖУЫҚ АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін Маңғыстау облысында 2500-ға жуық ағаш отырғызылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.

Қаланы көгалдандыру жұмысы "Мекенім - жасыл елім" атты республикалық акция аясында орындалып жатыр. Маңғыстау облысы Табиғат ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Динара Еңсегеннің айтуынша, экологиялық акцияға өңір бойынша 5000-ға жуық адам қатысқан. Оның ішінде басқарма басшылары мен мекеме мамандары, Қазақстан Ассамблеясының өкілдері, еріктілер бар. Олар алдымен 17, 18 шағынауданнан бастап 16-19 шағынаудандардың орталық көшелеріне, 32 және 35 шағынаудандағы Қан орталығына дейін шырша екті.

Шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Абзал Меңдібаев та атсалысты. "Таза табиғат" акциясы 5 бағытты қамтиды. "Мекенім - жасыл елім" бағыты бойынша ағаш отырғызса, оқушылар "Бұл - менің ағашым" челленджін өткізеді. Сонымен қатар "Таза су айдындары" бағыты бойынша бұлақ көзін ашу, "Таза жағалау" акциясы ұйымдастырылып жатыр. Қазір жағалау аймақтарына, су қоймалары мен қаумалдарға сенбілік жүргізіліп жатыр", - дейді Динара Еңсеген.

Айта кетейік, акция Президент тапсырмасына сәйкес Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр