МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 93 НАУҚАС ЖАТЫР

МАҢҒЫСТАУДА І ЖӘНЕ II ДЕҢГЕЙЛІ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ СТАЦИОНАРДА 93 НАУҚАС ЖАТЫР

Маңғыстауда 15 ақпандағы жағдайға сәйкес I-II деңгейлі инфекциялық стационарларда 93 адам ем қабылдап жатыр.


Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол 93 науқастың 27 адамында коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта орта дәрежелі жағдайда 81, жағдайы ауыр халде 6 науқас, өте ауыр хәлде 6 науқас бар.

Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 21 пайызды құрайды.

Облыс көлемінде 444 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 54. Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.