АППАРАТ ОТЫРЫСЫ
Бүгін аудан әкімінің төрағалығымен аппарат отырысы өтті.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды:
* ауданның әлеуметтік-экономикалық макрокөрсеткіштерінің орындалуы және 2026 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша аудандық бюджеттің орындалуы туралы;
* 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы. Аталған мәселе бойынша Батыр және Қызылтөбе ауылдық округтерінің әкімдері баяндама жасады.
Аппарат отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алдын алу шараларын күшейту қажеттігі айтылды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі Қанат Құлжанов жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, олардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.