ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ
Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Жеке қабылдауға алдын ала 12 тұрғын жазылды. Тұрғындар тарапынан тұрғын үй, медициналық көмек, жұмыссыздық және өзге де мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтініші назардан тыс қалмайтынын, заңға сәйкес қаралып, тиісті жауаптар берілетінін түсіндірді.
Аудан әкімі тұрғындарды әр аптаның дүйсенбі күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін жеке қабылдайды.
Жеке қабылдауға +7 (7292) 46-62-16 нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады.