Аңдатпа-хабарландыру

Аңдатпа-хабарландыру

Аңдатпа-хабарландыру

 

«Ашық есік күні»:

БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады  

 

2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады, онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және ол арқылы салымшылардың қандай мүмкіндіктерге ие болатыны туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.

 

Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:

  •  платформа қалай жұмыс істейді;
  •  зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
  •  инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
  •  басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
  •  өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
  •  салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.

Қатысушылар өздерін қызықтырған кез-келген сауалдарға Қор мамандарынан түсініктемелер, сондай-ақ жеке кеңестер ала алады.

«Ашық есік күні» 2026 жылдың 28 сәуірі күні сағат 10:00-де онлайн-форматта өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m1506e5d18f4d8146c204edbd763c27b3

бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2518 700 8124 және event-кеңестің құпиясөзін 10203040 енгізіңіз.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!