Құрметті журналистер!

Құрметті журналистер!

Құрметті журналистер!

 

        "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) Сіздерді жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша Қаржы журналистикасы мектебіне қатысуға шақырады. Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде Алматы қаласында наурыздың 13-нде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өтеді. Шараға онлайн-қатысу мүмкіндігі қарастырылған.  

         Бұл жолғы мектеп "Зейнетақы активтерін басқару" тақырыбына арналады. Мәселені талқылауға ҚР Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаменті (ҚРҰБ МОД) мен инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компаниялардың өкілдері қатысады.

ҚРҰБ өкілдері зейнетақы активтерін басқару, портфельді әртараптандыру, нарықтағы үрдістер, зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыстар туралы баяндайды.

ИПБ биылғы инновациялар туралы – инвестициялау мерзімдерін ескере отырып, композиттік индекстер мен портфельді қалыптастыру критерийлері негізінде инвестициялық стратегияны қалыптастыру туралы айтып береді.

БЖЗҚ сарапшылары зейнетақы активтерін кім және қалай басқаратынын, заңнамалық талаптар, инвестициялық портфельді қалыптастырудың жаңа критерийлері және инвестициялық портфельді басқарушыны қалай таңдау керектігін түсіндіреді.  

Сондай-ақ ИПБ таңдау бойынша жаңа портал таныстырылады. Бұл платформа ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді. Платформа инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. Жобаның мақсаты инвестициялық басқару, кірістілік, зейнетақы активтерінің құрылымы және инвестициялау нәтижелеріне әсер ететін өзге де маңызды ақпарат туралы деректерді жариялауды үндестіру есебінен халықты хабардар етуді арттыру және зейнетақы активтерін инвестициялау тетіктерін түсінуді қалыптастыру болып табылады.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Самал 2, 97 үй; Cisco WebEx вебинарларға арналған платформа.

Спикерлер: БЖЗҚ, ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары, инвестициялық портфельді басқарушы компаниялардың өкілдері.

Өтетін уақыты: 13 наурыз сағат 10.00 - ден 13.00-ге дейін.

 

Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

Қатысуға өтінімді өзі туралы ақпаратты көрсете отырып, press@enpf.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет:

Аты-жөні,

БАҚ атауы,

электрондық пошта және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен іс-шара  туралы хабарлама жіберу үшін).

Шақыру сілтемесі іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі. Мектеп бағдарламасы қосымша жолданып отыр.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).