ЖАҢА ӘКІМ-ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫМЕН

ЖАҢА ӘКІМ-ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫМЕН

2026 жылғы 15 ақпанда   өткен сайлаудың қорытындысы және Мұнайлы  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде  Атамекен ауылдық округінің әкімі болып Ахмедов Абулайхан Сандыбайұлы сайланды.

Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейімбет Абдықадырұлы Сүлейменов жаңадан сайланған Атамекен ауылдық округінің әкімі - Ахмедов Абулайхан Сандыбайұлына  қызметтік куәлікті ресми түрде табыстады.

Салтанатты шара барысында Мұнайлы  ауданының әкімі Қанат Жаңбырұлы Құлжанов сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының сенімін иеленіп, көпшілік дауыспен жеңіске жеткен жаңа әкімді құттықтады. Ол Абулайхан Сандыбайұлына  жауапты қызметінде сәттілік тілеп, тұрғындармен ашық диалог орнатып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған нақты және жүйелі жұмыстар атқаратынына сенім білдірді. 

Абулайхан Сандыбайұлына  - 1983 жылы дүниеге келген.  2016 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. Отбасылы.

Алғаш еңбек жолын 2004 жылы «НУРиК» ЖШС бұрғышының көмекшісі қызметінен бастаған.

2005- 2007 жылдары «АБОНЯ» ЖШС бұрғышының көмекшісі.

2007 – 2010 жылдары «НұрОтан» ХДП Жаңаөзен қалалық филиалының консултанты.

2010 - 2012  жылдары «НұрОтан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының жастар ісі жөніндегі консультанты.

2013-2014 жылдары Ақтау қалалық жастар саясаты орталығы директор орынбасары

2014-2018 жылдары НұрОтан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының персоналды басқару жөніндегі консультанты.

2018-2021 жылдары Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты бас маман.

2021 жылдың шілде айынан бастап, осы уақыт аралығында «AMANAT» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.

Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы