2026 жылдың 15 ақпанында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 15264 сайлаушы енгізілді, олардың 4765 дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 114, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 287.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ахмедов Абулайхан Сандыбаевич – 1536, Курманов Жамбыл Абдрахманович– 1428, Мекиев Аманжол Нурданович – 667, Уйсенов Жасулан Изтурганулы - 733.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округінің әкімі болып Ахмедов Абулайхан Сандыбаевич сайланды, 1983 жылы туған, «AMANAT» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, Ақтау қаласының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.