Мұнайлыда ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік қарқын алып келеді

Мұнайлыда ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік қарқын алып келеді

Мұнайлы ауданында шағын және орта бизнесті, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту бағытында айтарлықтау нәтижелерге қол жеткізді. Бұл туралы аудан әкімі Қанат Құлжанов Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда ауданда 11 017 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

– Ауыл шаруашылығы саласында да серпін байқалады – өңірде 265 шаруа қожалығы тұрақты жұмыс істеп тұр. Мал шаруашылығы бағытында мал басы 37 мыңнан асып, 12 бордақылау алаңы ай сайын 70–80 тонна ет өндіруде. 49 егін шаруашылығы қожалығы жыл сайын 4 500–5 000 тоннаға дейін көкөніс пен бақша өнімін жинайды, – деді аудан басшысы.