Мұнайлыдағы теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып жатыр

Мұнайлыдағы теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып жатыр

Мұнайлыдағы теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып жатыр

Мұнайлы ауданындағы «Маңғыстау» теміржол вокзалының реконструкциясы қарқын алып келеді. Қазір нысанда құрылыс жұмыстары жедел жүргізілуде. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте аудан әкімі Қанат Құлжанов айтты.

– Бүгінде вокзалдың негізгі ғимаратында металл конструкцияларынан қаңқа орнату жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс алаңында 54 жұмысшы мен 3 техника жұмылдырылған. Жұмыстың өнімділігін арттыру үшін нысанда қосымша жұмыс ауысымы енгізілген. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр,- деді Қанат Құлжанов.