Мұнайлыда көлік кептелісін азайтуға бағытталған жобалар қолға алынды

Мұнайлыда көлік кептелісін азайтуға бағытталған жобалар қолға алынды

Мұнайлыда көлік кептелісін азайтуға бағытталған жобалар қолға алынды

Мұнайлы ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында аудан әкімі Қанат Құлжанов хабарлады.

Аудан басшысының айтуынша, былтыр аудандық маңызы бар 7,7 шақырым жол салу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 12 ауылішілік жолдың құрылысы аяқталып, жалпы ұзындығы 74 шақырымнан асты. Бұдан бөлек, ұзындығы 51 шақырымды құрайтын 7 автокөлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жасалды.

– Тұрғындар жиі көтеретін мәселенің бірі – «Маңғыстау – Қызылтөбе» бағытындағы көлік кептелісі. Бұл жолды қайта жөндеу жобасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Қазір жоба 2025–2027 жылдарға арналған инвестициялық жоспарға енгізілді. Сонымен қатар, халыққа ыңғайлы болу үшін Маңғыстау ауылы мен Қызылтөбе, Дәулет ауылдық округтерінде 14 жаңа аялдама орнатылып, әлеуметтік нысандардың алдына автотұрақтар салынды, – деді ол.