
2025 жылғы 14 желтоқсан өткен сайлаудың қорытындысы негізінде Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Басқұдық ауылдық округінің әкімі болып Орунбасаров Нурбол Базарбаевич сайланды.
Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейімбет Абдықадырұлы Сүлейменов жаңадан сайланған Басқұдық ауылдық округі әкімі Орунбасаров Нурбол Базарбаевичке қызметтік куәлікті ресми түрде табыстады.
Салтанатты шара барысында, Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Жаңбырұлы Құлжанов сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының сенімін иеленіп, көпшілік дауыспен жеңіске жеткен жаңа әкімді құттықтады. Ол, Нұрбол Базарбайұлына жауапты қызметінде сәттілік тілеп, тұрғындармен ашық диалог орнатып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған нақты және жүйелі жұмыстар атқаратынына сенім білдірді.
Нурбол Базарбаевич 1987 жылы дүниеге келген. 2010 жылы Маңғыстау политехникалық колледжін «Үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы, 2013 жылы Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетін «Құрылыс» мамандығы, 2015 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған. Отбасылы.
Алғаш еңбек жолын 2006 жылы «Газ Сервис ЛТД» ЖШС техник мамандығымен бастаған.
2008 – 2010 жылдары «Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» ММ-де техникалық қызметкер.
2010-2011 жылдары «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» ММ-де маман көмекшісі.
2011- 2012 жылдары «Батыр селолық округі әкімінің аппараты» ММ-де статист.
2012- 2013 жылдары «Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімі» ММ-де нұсқаушы.
2013- 2020 жылдары «Арман сыра қайнату зауыты» ЖШС-де менеджер, директордың орынбасары және директоры.
01.05.2020- 19.10.2020 жылдары «Alemtrans MDN» ЖШС кадр бөлімнің басшысы.
2020- 2021 жылдары Мұнайлы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманның міндетін атқарушы.
29.04.2021 – 19.05.2022 жылы Мұнайлы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, «Салықтық бақылау бөлімінің» бас маманы.
19.05.2022 – 30.11.2022 жылдары Мұнайлы аудандық салық басқармасының «Салықтық бақылау бөлімінің» басшысы болды.
2022- 2024 жылдары Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары.
2024 – 18.12.2025 жылдары Мұнайлы ауданының құрылыс, саулет және қала құрылысы бөлімінің басшысның орынбасары қызметін атқарды.
Мұнайлы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы