Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  ХАБАРЫ

2025 жылдың 14 желтоқсанда Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті. Мұнайлы ауданыдық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының  2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 17667 сайлаушы енгізілді, олардың 5715 дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 102, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 266.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ақжігіт Асылзат Мыратбайұлы – 986, Ершаев Руслан Вайтахунович – 1024, Орунбасаров Нурбол Базарбаевич - 3307.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінің әкімі болып Орунбасаров Нурбол Базарбаевич сайланды, 1987 жылы туған, «Мұнайлы аудандық құрылыс сәулет және қала құрылысы» ММ бөлім басшысының орынбасары, Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округінде тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.