ЖАҢА ӘКІМ - ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫМЕН

ЖАҢА ӘКІМ - ХАЛЫҚ ТАҢДАУЫМЕН

2025 жылғы 30 қарашада  өткен сайлаудың қорытындысы және Мұнайлы  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімі негізінде  Баянды  ауылының әкімі болып Жексенбаев Қадырбек Құдабайұлы сайланды.

Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бейімбет Абдықадырұлы Сүлейменов жаңадан сайланған Баянды ауылының әкімі - Жексенбаев Қадырбек Құдабайұлына қызметтік куәлікті ресми түрде табыстады.

Салтанатты шара барысында Мұнайлы  ауданының әкімі Қанат Жаңбырұлы Құлжанов сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарының сенімін иеленіп, көпшілік дауыспен жеңіске жеткен жаңа әкімді құттықтады. Ол Қадырбек Құдабайұлына жауапты қызметінде сәттілік тілеп, тұрғындармен ашық диалог орнатып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған нақты және жүйелі жұмыстар атқаратынына сенім білдірді.

Қадырбек Құдабайұлы - 1987 жылы дүниеге келген.  2006 жылы «Маңғыстау энергетикалық колледжін», 2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін қаржы мамандығы бойынша аяқтаған. Отбасылы.

Алғаш еңбек жолын 2005 жылы «Қалқаман и К» ЖШС экономист көмекшісіне бастаған.

2006- 2009 жылдары «Әскери бөлім 2025» материалды есепші.

2009 – 2014 жылдары Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінде бас маман қызметін атқарды.

2014 - 2017  жылдары Қызылтөбе ауылдық округінде бас маман болды.

2017-2021 жылдары Дәулет ауылдық округінде бас маман қызметін атқарды.

2021 жылдың қазан айынан бастап, осы уақыт аралығында Дәулет ауылдық округінде әкім орынбасары қызметін атқарды.

Мұнайлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы