ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,                 жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі                     Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139 бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» №1017 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 02 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрықтарына сәйкес бос лауазымды орнына конкурс жариялайды:

         - Мұнайлы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры.

Кәсіпорынның атауы, негізгі қызметі мен мекен-жайы: Мұнайлы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

 Кәсіпорын қызметiнiң негізгі мақсаты - энергиямен жабдықтау, коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығы саласында жергілікті инфрақұрылымда тіршілікті қамтамасыз ететін басқа жүйелерде шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Мекен-жайы:    Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 14 квартал, 27 учаске.

Конкурс өту мерзімі: «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесімен, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін анықталады.

Конкурс өткізілетін орын: «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 14 квартал, 30 құрылыс, 3 қабат, пошталық индексі 130000.

Кәсіби құзырлылық: Қазақстан Республикасының Конституциясы,               ҚР Азаматтық (жалпы және ерекше бөлімдері), Салық, Бюджет, Еңбек кодекстерін, ҚР «Электр энергетикасы туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан халқына жолдауларын және мемлекеттік тілді білуі.

Кәсіби біліктілігі мен дағдысы: Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын болжай, жоспарлай, ұйымдастыра білу және бақылау. Өзін басқара білу, бейімделу.

Конкурсқа қатысу үшін берілетін құжаттардың тізімі:

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы лауазымына кандидатураларды іріктеу кезіндегі негізгі талаптар:

1) жоғары білімінің болуы;

2) басшылық лауазымда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы болып табылады.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 02 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрықтарына сәйкес Қағидалардың 7-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін шетелдік азаматтарды қоса алғанда, барлық ниет білдіргендер қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға үміткер адам осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес құжаттарды, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның даму бағдарламасын (бұдан әрі – даму бағдарламасы) ұсынады.

Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін 2 (екіден) кем кандидат конкурстық өтінім ұсынса не конкурстық өтінімдер түспесе немесе кері қайтарылып алынса, онда тиісті саланың уәкілетті органы конкурсты өткізілмеген деп танып, қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды және оны шешім қабылданған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 02 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрықтарына сәйкес 13-тармақта көрсетілген құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ құжат тапсырған адам осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде тиісті саланың уәкілетті органы құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырған адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент әкімі аппаратының) интернет-ресурсында тиісті саланың уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін қазақ және орыс тілдерінде жарияланады және тиісті саланың уәкілетті органы оны барлық құжаттармен бірге тиісті шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесіне жібереді.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі, сондай-ақ кандидатуралар ұсынған даму бағдарламалары шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның Байқау кеңесінің отырысында күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде қаралады.

Даму бағдарламасының шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның стратегиялық даму мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келмеуі кандидатураны қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Барлық кандидатураларды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, Байқау кеңесі тиісті саланың уәкілетті органына қайта конкурс өткізу қажеттілігі туралы хаттамалық шешімді жолдайды.

Байқау кеңесі білім беру ұйымының даму бағдарламасын қарағаннан кейін, жасырын дауыс беру арқылы және кемінде үштен екісі дауыс бере отырып, Республикалық комиссияның қарауы үшін кандидатураны (кандидатураларды) айқындайды. Кәсіпорынның басшысы дауыс беруге қатыспайды.

Байқау кеңесінің хаттамалық шешімі барлық құжаттармен бірге Республикалық комиссияға беріледі.

Республикалық комиссия ұсынылған құжаттарды зерделейді және осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес Байқау кеңесінің хаттамалық шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде конкурсқа қатысушымен (қатысушыларымен) әңгімелесу өткізеді.

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша кәсіпорын басшысының лауазымына кандидат айқындалады. Әңгімелесу қорытындысы тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

Бұл ретте, жоғары оқу орындарында және/немесе білім беруді басқару органдарында басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілінің болуы басқа да тең жағдайларда кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатты айқындау үшін басым негіз болып табылады.

Егер әңгімелесу нәтижесінде Республикалық комиссия кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатты анықтамаса, онда тиісті саланың уәкілетті органы конкурсты өткізілмеген деп танып, қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды және оны тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

Республикалық комиссияның шешімі осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларында көзделген тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органының бұйрығымен кәсіпорын басшысын тағайындау үшін негіз болады.

Құжаттар мына мекен жайға тапсырылуы тиіс: «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 14 квартал, 30 құрылыс, 3 қабат,  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторы

Анықтама телефоны: 465781, 466229.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын басшысы лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде конкурс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн бұрын жарияланады.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 02 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрықтарына сәйкес Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке "электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

  1. Осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ құжат тапсырған адам осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған адамды конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 02 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрықтарына сәйкес Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әңгімелесу өткізу кестесі Комиссияның хаттамасымен бекітіледі және тізілімнің веб-порталында, кәсіпорынның (болған жағдайда) және тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының) интернет-ресурсында қазақ және орыс тілінде Комиссия шешімі қабылдаған күннен кейінгі келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін орналастырылады.

  1. Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия тізілімінің веб-порталында әңгімелесу өткізу кестесі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.