ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛУ ҮШІН ӨТІНІШТІ ҚАЛАЙ БЕРЕМІЗ?
Қандас – бұрын ҚР азаматтығында болмаған, Қазақстанға тұрақтауға келген этникалық қазақтар және ұлты қазақ отбасы мүшелері.
Этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
Қандас мәртебесін алу/ұзарту туралы өтініш беру жолдары:
• ХҚКО арқылы;
• migration.gov.kz порталынан;
• электрондық үкімет порталы арқылы.
Қандас мәртебесін алуға өтініш беру үшін ХҚКО-ға құжаттар тізімі:
Мәртебе беру туралы өтінішті қарау мерзімі 30 жұмыс күнін алады. Оң нәтиже болған жағдайда этникалық қазақтар мен олардың отбасы мүшелеріне қандас куәлігі беріледі. Қандас куәлігінің жарамдық мерзімі –1 жыл.
Бұрын берілген қандас мәртебесінің мерзімсін қалай ұзартуға болады?
Бұрын берілген қандас мәртебесін ұзартуға өтінішті жергілікті атқарушы органға немесе Мемлекеттік коорпорацияға беруге болады. Ол үшін өтінішке бұрын берілген қандас куәлігінің көшірмесін тіркеу қажет. Қандас мәртебесін ұзарту бойынша Мемлекеттік қызмет көрсет мерзімі – 5 жұмыс күні.
Қандас мәртебесі 6 айдан аспайтын мерзімге бір рет ұзартуға болады.
Айта кететін жайт, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.