Аудан бюджеті нақтыланды

Аудан бюджеті нақтыланды

Аудан бюджеті нақтыланды

Мұнайлы ауданында 2025 жылға арналған аудан бюджеті нақтыланды. Жиын барысында аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен бюджет көлемі мен құрылымы талқыланды. Жиын аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрхан Мұстафаевтың төрағалығымен өтті.

Нәтижесінде аудан бюджеті 1 619 835,4 мың теңгеге нақтыланды. Оның ішінде ауыл және ауылдық округтер бюджеттері мемлекеттік сатып алудан үнемделген қаржы есебінен 207 233,2 мың теңгеге азайды.

Аудан бюджетінің кірістер бөлігі 1 746 632,4 мың теңгеге ұлғайып, ал трансферт түсімі мен кредит көлемі 126 797,0 мың теңгеге қысқарды.

2025 жылғы аудан бюджетінің негізгі бағыттары:
✔ Ағымдағы шығындар – 1 430 894,2 мың теңге
✔ Даму бюджеті – 188 941,2 мың теңге
Бұл шешім ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.