2025 жылдың басынан бастап Маңғыстау облысының тұрғындарына «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 51 369 төлқұжат пен жеке куәлік рәсімделіп берілді.
Дәстүрге сай жаз мезгілінде шетелге шығуға құжат рәсімдейтін азаматтардың саны арта түседі.
Әсіресе демалысты шетелде өткізуді жоспарлаған балалы отбасылар белсенділік танытады.Еске сала кетейік, құжаттарды рәсімдеу қызметтерінің құны:
• Төлқұжат (36 бет) — 31 456 теңге (8 АЕК)
• Төлқұжат (48 бет) — 47 184 теңге (12 АЕК)
• Балаларға арналған төлқұжат (24 бет) — 15 728 теңге (4 АЕК)
• Жеке куәлік — 786,4 теңге (0,2 АЕК)
2025 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері — 3 932 теңге.
Құжат рәсімдеу қызметін алу үшін азамат өтініш, жеке куәлік немесе төлқұжат (ауыстырған жағдайда), мемлекеттік баж салығының төлем түбіртегін ұсынуы қажет.
Ал егер азамат жеке куәлікті алғаш рет, яғни 16 жасында алатын болса — туу туралы куәлік ұсынылуы тиіс.
Айта кету керек, Қазақстан бойынша кез келген ХҚКО-дан жеке куәлік пен төлқұжатты тіркелген тұрғылықты мекенжайға қарамастан рәсімдеуге болады.
Құжат тапсыру тәртібі, ХҚКО-лардың жұмыс кестесі мен кезекші бөлімдердің тізімі туралы толық ақпаратты Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан немесе 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ