|
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА |
|
БЖЗҚ жыл басынан бері 21,5 миллионнан астам қызмет көрсетті
БЖЗҚ-ның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жарналарын жинақтау және болашақта олардың төлемдерін қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинақтап қана қоймай, олардың болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ өз қызметінде отандастарымызға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығын арттырудың маңызды шарты болып табылады. 01.01.2026ж. мен 30.04.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 21,5 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 11,7 млн-ы электрондық форматта, 9,4 млн-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,8%-ын құрады. Салымшыларға 267,4 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 260,3 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылды. Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады. Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 790,0 мыңға жетті. Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 12,3 млн-нан аса үзінді көшірме берілді. Оның 10,8 млн-ы – электрондық, ал 1,3 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады. Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Жыл басынан бері салымшылардан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруға аударуға 32,2 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта. Есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге 38,4 мың өтініш қабылданды. Оның 36,2 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды. БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 20,5 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 413,0 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 13,4 мың материал жарияланды. Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (байланыс орталығы, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 159,0 мың өтініш түсті. Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет. БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
|
БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сұрақтар
ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың негізгі мақсаты – болашақтағы жинақтаушы зейнетақының жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті ең төменгі зейнетақы жинақтарына қойылатын талаптарды күшейту, сондай-ақ салымшының зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен кірісті алмастыру коэффициентін кезең-кезеңімен арттыру. Бұл ретте ең төменгі халықаралық стандарттар ескеріледі. Еске салсақ, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) талаптарына сәйкес, кірісті алмастыру коэффициенті кемінде 40% болуы тиіс.
Жаңа әдістеме бойынша ТЖШ мөлшерін есептеу нақты өмір жағдайлары және зейнетақымен қамсыздандырудың мақсатты параметрлеріне барынша жақындатылмақ. Бұл азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде жеткілікті көлемде жинақсыз қалу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Өзгерістерге сәйкес, ТЖШ мөлшері болашақ зейнетақы төлемдерінің мақсатты көрсеткіштеріне сүйене отырып анықталады және әрбір салымшының жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы негізінде есептеледі.
Формула ұзақмерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістіліктің пайыздық мөлшерлемелері және төлемдерді индекстеу) факторларды қамтиды. Бұл тәсіл азаматтардың болашақ төлемдерінің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Ол мақсатты төлемдерді қамтамасыз етуге қажетті жинақ көлемін айқындауға мүмкіндік береді және макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының өзгеруіне тәуелділікті азайтады деп күтілуде.
Зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге негізделеді. Атап айтқанда: жасына байланысты ең төменгі зейнетақы, ең төменгі жалақы мөлшері. Бұл көрсеткіштер жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге пайдалану мүмкіндігі қарастырылған кезде, зейнетақы шотында болашақтағы төлемдерді қамтамасыз етуге жеткілікті сома қалатыны міндетті түрде ескеріледі.
Қолданыстағы ТЖШ есептеу әдістемесіне сәйкес, егер салымшы зейнетақы жинақтарын шектен асқан сомасын пайдаланса, болашақта зейнетке шыққанда шамамен 50 мың теңге көлемінде ғана төлем алуы мүмкін. Бұл қазіргі күнкөріс деңгейіне (КД) шамалас көрсеткіш. Бұл ретте қазіргі Әдістемеде салымшы зейнет жасына дейін міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлей береді деген болжам қарастырылған. Алайда іс жүзінде жарналар тұрақты аударылмауы немесе мүлде төленбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда қолданыстағы ТЖШ мөлшері күтілетін ең төменгі төлемдерді қамтамасыз ете алмайды. Соның салдарынан болашақтағы төлем көлемі күнкөріс минимумынан да төмен болуы ықтимал. Тіпті жарналар тұрақты төленіп, жинақтар қолданыстағы ТЖШ деңгейінде сақталған күннің өзінде, шамамен 50 мың теңге мөлшеріндегі жинақтаушы зейнетақы қазіргі медиандық жалақының 15%-ына да жетпейді.
Анықтама үшін: Медиандық жалақы – бұл бүкіл ел үшін де, жекелеген аймақтар мен елді мекендер үшін де жалақыны есептеуге мүмкіндік беретін ел халқының кірістерін талдау үшін қолданылатын алғышарттардың бірі. Медиандық жалақы – бұл барлық жалақыны екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш: жұмысшылардың жартысы медианнан көп, ал екінші бөлігі бұл мәннен аз алады. Ол табыс жағдайын дәлірек көрсетеді. Алайда, ол әртүрлі факторлар, мысалы, экономикалық өсу, инфляция, еңбек нарығының жағдайы және саяси шешімдердің әсерінен өзгеруі мүмкін екенін ескеру қажет,
Жаңа қабылданатын ТЖШ әдістемесіне сәйкес, егер салымшы жинақтарының төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдаланса, болашақтағы зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері медиандық жалақының шамамен 40%-ына жақындайды. Бұл ретте, жаңа Әдістемеде ТЖШ мөлшері болашақ жарналарға, көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы болжамды өзгерістеріне тәуелді болмайды. Есептеу ұзақмерзімді факторларға негізделеді. Олардың қатарында Біріккен Ұлттар Ұйымы ұлттық статистика негізінде тұрақты түрде жаңартып отыратын Қазақстан халқының демографиялық кестелері де бар. Соның нәтижесінде азаматтар үшін болашақ зейнетақы мөлшері анағұрлым болжамды болады әрі кезең-кезеңімен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің мақсатты көрсеткіштеріне жақындай түседі.
Өзгерістерге сәйкес, ТЖШ мөлшері салымшының жасына байланысты белгіленеді. Салымшының жасы ұлғайып, зейнеткерлік жасқа жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне қойылатын талаптар да артады. Бұл азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде халықаралық стандарттарға жақын деңгейдегі табыс алуына мүмкіндік беру мақсатында енгізіліп отыр.
Осылайша, жаңа модель ТЖШ есептеу жүйесін нақты жағдайларға және зейнетақымен қамсыздандырудың мақсатты параметрлеріне барынша жақындатып, азаматтардың зейнет жасына жеткен кезде жеткіліксіз жинақпен қалу қаупін төмендетеді.
ТЖШ мөлшерінің ұлғаюына байланысты, азаматтардың пайдалана алатын жинақ көлемі қысқаруы мүмкін. Себебі зейнетақы шотында сақталуы тиіс ең төменгі сома көлемі артады.
Сонымен бірге:
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Абайлаңыз, алаяқтар! БЖЗҚ салымшыларды алдаудың жаңа тәсілдері туралы ескертеді
Соңғы уақытта БЖЗҚ бөлімшелеріне міндетті зейнетақы жарналары аударылмағаны туралы хабар алған азаматтар жиі жүгінетін болды. Алаяқтар өздерін Қор қызметкері ретінде таныстырып, бірнеше жыл еңбек өтілі зейнетақы есептеу кезінде ескерілмей қалғанын айтып, соның негізінде зейнетақыны қайта есептеп, мөлшерін арттыруға болатынын айтатын көрінеді.
Алаяқтар қалай әрекет етеді?
Алаяқтар сенімге кіру мақсатында Қордың нақты жұмыс істейтін бөлімшелерінің мекенжайын айтып, азаматтарды сол жерге келуге шақырады. Филиалға жүгінушілердің айтуынша, қызметті «жылдам әрі ыңғайлы алу үшін» алдын ала электрондық кезекке қоямыз деп, SMS арқылы келген растау кодын айтуды сұрайды. Өкінішке қарай, мұндай кодтарды алаяқтарға хабарлап қойған азаматтар да бар.
Маңызды ескерту!
БЖЗҚ қызметкерлері қоңырау соқпайды, телефон арқылы, электрондық пошта немесе мессенджерлерде SMS-кодтарды, құпиясөздерді, банк карталарының деректемелерін және өзге де құпия ақпаратты ешқашан сұрамайды. БЖЗҚ барлық қызметтерді тегін көрсетеді. Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң тәртіппен жүзеге асырылады.
Қоңырау шалушы сіздің аты-жөніңізді, ЖСН-іңізді, мекенжайыңызды немесе жұмыс орныңызды білгенімен, бұл оның ресми қызметкер екенін білдірмейді. Мұндай мәліметтер алаяқтардың қолына ашық дереккөздерден түсуі мүмкін.
Өзіңізді қалай қорғауға болады?
∙ SMS арқылы келген кодтарды және жеке деректеріңізді ешкімге бермеңіз.
∙ Әңгіме SMS-код туралы басталған сәтте күмәнді қоңырауды бірден тоқтатыңыз.
∙ Ақпараттың дұрыстығын тек ресми арналар арқылы тексеріңіз (байланыс орталығы, ресми сайт немесе мобильді қосымша)
∙ Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Қырағы болып, жақындарыңызды, әсіресе егде жастағы туыстарыңызды алаяқтардың әрекетінен қорғаңыз!
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ
Мұнайлы ауданының әкімі Қанат Құлжанов тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Жеке қабылдауға алдын ала 12 тұрғын жазылды. Тұрғындар тарапынан тұрғын үй, медициналық көмек, жұмыссыздық және өзге де мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтініші назардан тыс қалмайтынын, заңға сәйкес қаралып, тиісті жауаптар берілетінін түсіндірді.
Аудан әкімі тұрғындарды әр аптаның дүйсенбі күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін жеке қабылдайды.
Жеке қабылдауға +7 (7292) 46-62-16 нөмірі арқылы алдын ала жазылуға болады.
01.05.2026 жылғы жағдай бойынша
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы
аясында қаражат қалай пайдаланылды
2026 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақ алу бойынша 297 895 өтініш орындалып, жалпы сомасы 53,09 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылды. Олар, өз кезегінде, қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына есептейді.
Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 33,39 млн АҚШ долларына 187 597 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 19,70 млн АҚШ долларына 110 298 өтініш қанағаттандырылды.
Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін ғана пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған сома нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.
Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (32,72 млн АҚШ долларына 183 436 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – 232,77 мың АҚШ долларына 1425 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 156,59 мың АҚШ долларына 989 өтініш.
Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (18,51 млн АҚШ долларына 101 899 өтініш орындалды), білім беруге жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беруге жинақтау салымын толықтыру (801,29 мың АҚШ долларына 5 796 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеуге (308,59 мың АҚШ долларына 2 075 өтініш орындалды) төлем жасау.
Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.
18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.
Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :
- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;
- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;
- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.
18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.
Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:
Ағымдағы жылы 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.
Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:
Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.
kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0
«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша
«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:
https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk
https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk
«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:
https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc
https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ
«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық:
https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA
https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
|
ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған
Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) есептеу әдістемесіндегі жоспарланған өзгерістерді түсіндіреміз. ТЖШ есептеу әдістемесін қайта қараудың мақсаты - болашақ жинақтаушы зейнетақының жеткіліктілігін қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттыру, зейнет жасындағы зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісті алмастыру коэффициентін (КАК) кезең-кезеңімен (ең төменгі халықаралық стандарттарды ескере отырып) өсіру.
Өзгеріс жасауға не себеп болды? Қолданыстағы Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері жыл сайын бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, ең төменгі жалақы мөлшері мен инвестициялық кірістілік негізінде болашақ зейнетақы жарналарының болжамды көрсеткіштерін ескере отырып жүргізілген есептеулер нәтижесінде белгіленеді. Бұл ретте қолданыстағы Әдістеменің бірқатар осал тұстары бар: • ұзақ мерзімді макроэкономикалық болжамдарға тәуелділік, осының әсерінен жыл сайын ТЖШ мөлшері құбылмалы болады; • салымшының болашақ зейнетақы жарналарын нақты төлеуіне кепілдіктердің болмауы; • болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің аздығы. Қолданыстағы әдістеме бойынша, азамат зейнетақы жинақтарының ТЖШ-дан асатын бөлігін пайдаланған жағдайда міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) аударуды одан әрі қарай жалғастырады деп болжанған. Мұндай жағдайда болашақта шамамен қазіргі күнкөріс минимумы (КМ) деңгейін, яғни 50 мың теңгеге жуық төлем алуы мүмкін. Алайда іс жүзінде жарналар тұрақты аударылмауы немесе мүлде тоқтауы мүмкін. Соның себебінен бүгінгі ТЖШ болашақ зейнетақы көлемінің жеткіліктілігін қамтамасыз ете алмайды деген қауіп бар. Жарналар уақытылы аударылып, іс жүзіндегі ТЖШ мөлшерін қамтамасыз еткеннің өзінде 50 мың теңге көлеміндегі жинақтаушы зейнетақы бүгінгі медианды жалақының[1] 15%-на да жетпейді.
Жаңа Әдістеме нені көздейді? Ұсынылған ТЖШ-ны анықтаудың жаңа әдістемесі азаматтарға зейнетақы төлемдерінің неғұрлым жоғары және болжамды деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған. Жаңа тәсілге сәйкес ТЖШ-дан жоғары жинақтарды алғаннан кейін болашақ жинақтаушы зейнетақы мөлшері медианды жалақының кемінде 40% деңгейіне жуықтайды (Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2025 жылғы IV тоқсанда оның мөлшері 339 912 теңгені құрады). Сонымен қатар, ұсынылған Әдістемеде жеткіліктілік шектері болашақ жарналарға және көптеген макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы болжамды өзгерістеріне байланысты болмайды. ТЖШ шамалары ұлттық статистиканы ескере отырып, БҰҰ үнемі жаңартып отыратын Қазақстан халқының демографиялық кестелерін қоса алғанда, ұзақ мерзімді факторлар негізінде айқындалатын болады. Тиісінше азаматтар болашақ зейнетақы мөлшерін болжай алады және ЭЫДҰ елдерінің нысаналы көрсеткіштеріне кезең-кезеңімен жақындайды. ТЖШ мөлшері қазіргідей салымшының жасына байланысты болады: азамат зейнеткерлік жасқа неғұрлым жақын болса, болашақ зейнетақыны қамтамасыз ету үшін ТЖШ деңгейі соғұрлым жоғары болуы керек. ТЖШ анықтау үшін болашақ зейнетақы төлемінің ағымдағы құнын есептеудің классикалық формуласы пайдаланылатын болады. Басқаша айтқанда, жаңа формула бойынша жинақтардың ең аз сомасы, яғни мақсатты мөлшерде зейнетақы алуды қамтамасыз ету үшін салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) болуы тиіс ТЖШ шамасы айқындалады. Сонымен қатар, болашақ төлемдерді есептеу инфляция мен инвестициялық кірістің әсерін ескереді, яғни болашақ төлемдердің мөлшері инфляцияны ескере отырып нақты мәнде өседі. Осылайша, ТЖШ-ны айқындаудың жаңа әдістемесі зейнетақы төлемдері есебінен салымшының кірісін алмастыру коэффициентінің жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында болашақ жинақтаушы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі сомасына қойылатын талаптарды арттырады. Бұдан басқа, мұндай әдістеме ТЖШ анықтау жүйесін зейнетақымен қамсыздандырудың халықаралық стандарттарына жақындатуға және зейнеткерлікке шыққан кезде зейнетақы жинақтарының жеткіліксіздігі қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Халықаралық стандарттар мен тәжірибе Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 102 Конвенциясына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі деңгейі кемінде 40% КАК болып табылады. Еуропалық Одақ елдерінде ең төменгі зейнетақы мөлшері орта есеппен ең төменгі жалақы мөлшерінің шамамен 60%-ын құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдерінде ең төменгі жалақы мөлшері медианды жалақының шамамен 50% құрайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бірқатар елдерде зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндігі дағдарысқа қарсы шара ретінде экономикалық күйзелістерге және халықты қолдау қажеттілігіне байланысты ерекше жағдайларда, оның ішінде COVID-19 пандемиясы кезеңінде қатаң шектеулі мөлшерде қолданылған. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтары, ең алдымен, егде жастағы азаматтардың табысын қамтамасыз етуге арналғанын атап өтеміз. Сондықтан зейнеткерлікке шыққанға дейін зейнетақы қаражатын үнемі пайдалану жинақтау көлемінің күрт төмендеуіне және сәйкесінше болашақ зейнетақы төлемдері мөлшерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Ұзақ мерзімді перспективада бұл егде жастағы зейнетақы табысының жеткіліксіздігі қаупін арттырады. Осылайша, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін баламалы мақсаттарға пайдалану мүмкіндігі сақталуда, алайда алу үшін қолжетімді қаражат көлемін айқындау тәсілдері азаматтарды болашақта зейнетақы төлемдерінің жеткілікті және тұрақты деңгейде қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып жетілдіріледі.
Қазақстанда жаңа әдістеме бойынша ТЖШ есебі нақты жағдайларға жақындап, озық елдердің зейнетақымен қамсыздандыру тәжірибесімен сәйкестендіруге бағытталатын болады. Азаматтың зейнеткерлікке шыққан кезде жинақ көлемі жеткіліксіз болу қаупі азаяды. Жаңартылған әдістеме жинақтаудың бір бөлігі алынған жағдайда болашақ жинақтаушы зейнетақы нысаналы көрсеткіштерден төмен болмайтындай және зейнеткерлік жастағы азаматтарға тұрақты зейнетақы табысын қамтамасыз ететіндей етіп ЖЗШ-да сақтау үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.
|
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
[1] Медианды жалақы – бұл барлық жалақыны екі тең бөлікке бөлетін көрсеткіш, қызметкерлердің 50%-ы осы мөлшерден аз, 50%-ы көп алады.
Ерікті зейнетақы жарналары: қалай аударып, қашан алуға болады?
«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»
Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жарналардың келесі түрлері аударылады: міндетті (жұмыс беруші жұмыскердің жалақысының 10%-ын ай сайын аударады), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз есебінен зиянды және қауіпті кәсіп жұмыскерлері кірістерінің 5% мөлшерінде төлейді). Сондай-ақ 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізілді. Бұл жарна 1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5% - дан, 2028 жылы біртіндеп 5%-ға дейін) төленеді. Бұған қоса жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өзі және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат салады. Айта кеткен жөн, ЕЗЖ-ны азаматтар өз қалауымен төлейді, мөлшері мен жиілігін дербес белгілейді Бұл – жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.
Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке және заңды тұлғалар аудара алады. Жеке тұлғалар қаражатты өз табысы есебінен өз пайдасына және (немесе) жақындары үшін аударса, заңды тұлғалар өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына аудара алады.
Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ жұмыс берушіге өтініш беру арқылы аударуға болады. Өтініш негізінде қаражатты жұмыс беруші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) көрсетілген тұлғаның пайдасына аударады.
ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ – шот алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ:
- агенттер ЕЗЖ аударған кезде ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде;
- жеке тұлға өзінің немесе үшінші тұлғаның пайдасына алғашқы жарна аударған кезде өтінішсіз ашылады.
3) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді қашан және қалай алуға болады?
ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар, олар мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Елу жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдарға ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу туралы өтінішті БЖЗҚ-ға enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ Қордың кез келген бөлімшесіне барып тапсыру қажет.
ЕЗЖ есебінен төлем алу тәртібі туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер»/«ЕЗЖ есебінен төлемдер» бөлімінде жарияланған.
Барлық жарна түрлері есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде қадағалауға болады.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіп пен талаптарға сай жүргізіледі. 2026 жылғы наурыз айынан бастап елу жасқа толуына немесе мүгедектікке байланысты төлем алу үшін бұрын БЖЗҚ-ға жүгінбеген, бірақ БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындаудың өтінішсіз тәртібі енгізілді.
ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін (егер бар болса) тағайындаудың өтінішсіз тәртібі:
Өтінішсіз тәртіп зейнет жасына толған тұлғаларға қатысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында енгізілді. Бұл жаңашылдық ЕЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдерін оңтайландырып, жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ елу жасқа толуына немесе мүгедектікке байланысты бұрын БЖЗҚ-ға төлем алу үшін жүгінбеген тұлғалардың ЕЗЖ есебіндегі зейнетақы жинақтарының талап етілмей қалу тәуекелін болдырмайды.
ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері, егер ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2026 жылы – 828 588 теңге (12 × 69 049)), біржолғы тәртіппен жүзеге асырылады немесе міндетті жарналар түрлері есебінен төленетін төлемдермен қатар ай сайынғы кесте бойынша зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін төленеді. Сонымен қатар, алушы БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру шарттарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинағы Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарын мұраға беру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған кезде немесе бүкіл мұраның тағдырын анықтай алмаған кезде, сондай-ақ, басқа жағдайларда мұрагерлік заң күшіне енеді.
Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Десек те, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударуға құқылы. Олар кірістілік пен тәуекелдің түрлі деңгейлеріне ие сан алуан инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-ға дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық аударуға болады.
Зейнетақы жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі. Оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ мұндай мүмкіндік жылына бір рет қана беріледі. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу – ЕЗЖ-ның тағы бір артықшылығы.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі.
Конкурсқа өтінімді қабылдау 15 мамырдан басталғандығы және 15 маусымға дейін жалғасатындығы хабарланады.
Конкурсты өткізудің мақсаттары: 1)отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2)ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3)отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау;
4)қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
Конкурсқа отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша қатысады.
Конкурс екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық).
Конкурсқа қатысуға өтінім қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде (15 мамыр мен 15 маусым айларының аралығы) мынадай құжаттармен бірге беріледі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);
7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;
9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім.
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, аудандық (қалалық) комиссия өтінім берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.
Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған отбасылар конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім
1. Отбасы құрамы: Р\с № Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Туыстық дәрежесі Туған күні (күні, айы, жылы) Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны
2. Отбасылық өмір тәжірибесі
3. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері)
4. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері:
5. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі)
6. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса)
7. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)
8. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик
9. Өзге де құжаттар Қолы ______ Күні ______
*Өтінім мекен-жайы тіркеуі бойынша аудандық (қалалық) әкімдігіне ұсыналады.
Байланыс телефондары:
Ақтау қаласы: 8(7292) 33-65-73;
Жаңаөзен қаласы: 8 705 246 4808;
Бейнеу ауданы: 8(72932)21680;
Маңғыстау ауданы: 8(72931)2-23-61;
Мұнайлы ауданы: 8(7292)46-62-28;
Қарақия ауданы: 8(72937)2-21-09;
Түпқараған ауданы: 8 775 456 4565.
2026 жылғы 15 мамырдан бастап Бейнеу ауданындағы Қосай ата көшесі, 4/5 мекенжайында орналасқан ХҚКО тұрғындарға жаңартылған форматта қызмет көрсетуді бастайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғырту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Осыған орай бөлімнің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи қызмет көрсету аймақтары іске қосылды.
Жаңғыртылған бөлімде мемлекеттік қызметтер заманауи үлгіде ұсынылады. Орталық бірнеше функционалды аймақтарға бөлінген. Атап айтқанда, әлеуметтік қызметтер аймағы, құжаттандыру аймағы, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы және дайын нәтижелерді беру аймағы жұмыс істейді. Аймақтар келушілерге ыңғайлы болу үшін түрлі түсті ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен ерекшелендіріліп, айқын бөлінген. Сонымен қатар күту аймағы жаңартылып, келушілерге қолайлы жұмсақ орындықтар орнатылған.
«Бұл — Маңғыстау облысындағы үшінші жаңғыртылған ХҚКО. Бұған дейін Мұнайлы ауданында және Жаңаөзен қаласында жаңартылған халыққа қызмет көрсету орталықтары пайдалануға берілген болатын. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз», — деді Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Айбек Мұзбаев.
Айта кетейік, Бейнеу ауданында 70 мыңнан астам тұрғын тұрады. Жаңғыртылған бөлімге күніне шамамен 300-ге жуық тұрғын келеді деп күтілуде.
Еске сала кетейік, жаңғыртылған ХҚКО дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Қосымша ақпарат алу үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады.