Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
12 июня 2024
Құрметті тұрғындар! Сіздерді "Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру" институтына оқуға шақырамыз!

«Су ресурстары» кафедрасы  

 

Соңғы жылдары су шаруашылығы салалары үшін мамандардың жетіспеушілігі байқалады, ал «ҚР Су шаруашылығын дамыту және жаңғырту бағдарламасын 2030 жылға дейін іске асыруға байланысты» осы бейіндегі мамандарға деген қажеттілік тек қана артады.

«Су ресурстары» кафедрасы 1991 жылы құрылды, «Су ресурстарын кешенді пайдалану» және «Гидротехникалық құрылыстар» кафедраларын біріктіру нәтижесінде соңғы 20 жылда ол Қазақстанның су шаруашылығы саласы үшін 2000-нан астам маман даярлады.

Су ресурстары және суды пайдалану бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің негізгі мазмұны ҚР Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау, су шаруашылығы және гидроэнергетикалық жүйелерді жобалау, салу және пайдалану болып табылады. Бітірушінің өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық-басқару міндеттеріне суды пайдалану саласында ақпараттық қамтамасыз ету, ұйымдастыру, мониторинг, басқару және техникалық бақылау, сондай-ақ тиімділігі жоғары, техникалық жасалған су шаруашылығы жүйелерін құру кезінде жобаларды іске асыру сияқты жұмыстар кіреді.

Кафедра Германиямен, Қытаймен, Ресеймен, Украинамен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Белоруссиямен және т.б. елдермен тұрақты халықаралық байланыс орнатқан. Магистранттар мен докторанттар осы елдерде тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар.

Кафедраға тәжірибелік қондырғылармен, зертханалық және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бақылау-өлшеу аппаратураларымен жабдықталған 5 мамандандырылған зертхана бекітілген. Кафедра гидротехникалық құрылымдар мен энергетикалық қондырғылардың жаңа құрылымдарын әзірлеу, сондай-ақ ағынды суларды тазарту технологиясы бойынша үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Студенттердің 70%-ы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, өз нәтижелері мен білімдерін тәжірибеде жүзеге асыруға тәжірибе алады.

Білім сапасы - кез келген елдің әлеуметтік дамуы мен тұрақты өсуінің негізі болып табылады. «Су ресурстары» кафедрасының оқытушылар құрамының кәсіби деңгейі жоғары және жақы білім алуға, жоғары білікті маман болуға, беделді және жоғары ақы төленетін жұмысты табуға, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді.

Су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман мәртебесі кез келген мемлекеттің мақтанышы болып қала береді және біз бұл мамандықты таңдауда, мектеп түлектері үшін критерийдің бірі болады деп үміттенеміз.

Біздің түлектер су шаруашылығы саласының келесі салаларында табысты жұмыс істей алады - гидроэнергетика, туризм, сумен қамту және суды бұру, өнеркәсіптің ақаба суларын тазарту, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын басқару және т.б.

Ғылым мен өндірісті интеграциялау мақсатында кафедра «ҚазСШҒЗИ» ЖШС-мен (Тараз қаласы) және «Қазсушар» РМК және «Шу-Талас бассейндік инспекциясы» РМК тығыз байланыс орнатқан. Кафедрада ғылыми жұмыстарды орындауға жақсы зертханалық жағдай жасалынған. Докторанттар мен магистранттар зерттеу және тәжірибе жұмыстарын жүргізу үшін «Гидравлика және гидротехникалық құрылымдар» зертханалары заманауи жабдықтармен толықтырылып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

«Су ресурстары» кафедрасы 2019 жылдың желтоқсан айында «Қазсушар» Жамбыл облыстық филиалымен келісімге отырып, екі жақты серіктестік жасауға меморандумға қол қойып, мекеменің ғимаратында кафедраның филиалы ашылды.

М.Х.дулати атындағы ТарМУ-нің 2018-2021 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарына сәйкес, «Су ресурстары» кафедрасы төмендегідей үш тақырыпта ғылыми жұмыстар жүргізеді:

1.Мембюджеттік ғылыми жұмыс «Научно-теоретическое обоснование технологии и организации строительства и борьба с наносами при поддержании в рабочем состоянии каналов Или-Балкашского водохозяйственного бассейна», ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор М.Н.Сенников.

2.Мембюджеттік ғылыми жұмыс «Разработка и исследования многопродуктовых гидроциклонно-насосных установок», ғылыми жетекшісі т.ғ.д., профессор Ә.Әбдіраманов.

3.Мембюджеттік ғылыми жұмыс «Исследования проблем водоснабжения в условиях отсутствия надежных источиков и разработка искусственных подземных водохраналищ», ғылыми жетекшісі, т.ғ.к., доцент Жолдасов С.Қ.

 

               Кафедра профессоры С.Қойбақов жетекшілігімен АҚШ-тың жтекші су шаруашылығы институттарымен екі жақты тәжірибе алмасу, трансшекаралық өзендерді бірігі басқару бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіледі.

 

Кафедрада шаруашылық келісім шартпен - Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Бахытжан» шаруа қожалығымен, құны 1,200 млн теңгеге «Разработка и исследования новых конструкций гидротехнических сооружений» тақырыбында шаруашылық есепте ғылыми жұмыс жүргізіп жатыр.

 

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігімен бекітілген, базалық ЖОО-да 6В08601-«Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (СҒЗЖ) байқау комиссиясы негізгі ЖОО ректорының  2020 жылдың 2 наурызындағы №54-НҚ бұйрығына сәйкес, Қазақ ұлттық аграрлық университеті 2020 жылы 2 наурызда өткізген республикалық СҒЗЖ қорытындысы бойынша екі студент министрдің ІІ және ІІІ-дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Олар ІІ-дәрежелі дипломмен Карабеков Тимур (жетекшісі Омарова Ғ.Е., т.ғ.д.), және ІІІ-дәрежелі дипломмен Каракозова Алина (жетекшісі Жұрымбаева Р.А., т.ғ.к., доцент).

2019-2020 оқу жылында Республикалық студенттердің ең үздік ғылыми жұмысы 5В075200 - «Инженерлік жүйелер мен желілер» секциясының байқауы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасы базасында өтті.

Осы байқауға кафедрадан 4 студент қатысып, 3-курс студенті Е.Шашубаев ІІІ-дәрежелі дипломмен (жетекшісі Жолдасов С.Қ., т.ғ.к.) марапатталды.

«ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған 30.10.2019 жылы өткен «Ғылыми көзқарас: идеялар, зерттеулер, инновациялар» атты Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысына қатысып, мамандықтың екі студенті Диляра Төребек пен Айгерім Меделбек 1-орын алып (жетекшілері: аға оқытушылар – Байжигитова М.Т. және Қожамқұлова Г.Е.), дипломмен марапатталды.

 

Білім сапасы - кез келген елдің әлеуметтік дамуы мен тұрақты өсуінің негізі болып табылады. «Су ресурстары» кафедрасының оқытушылар құрамының жоғары кәсіби деңгейі және бірегей оқу лабораториясы, жоғары білікті маман болуға, беделді және жоғары ақы төленетін жұмысты табуға, еңбек нарығында сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді.

Су ресурстары және суды пайдалану жөніндегі маман мәртебесі кез келген мемлекеттің мақтанышы болып қала береді және біз бұл мамандықты таңдауда, мектеп түлектері үшін критерийдің бірі болады деп үміттенеміз.

Біздің түлектер су шаруашылығы саласының келесі салаларында табысты жұмыс істей алады - гидроэнергетика, туризм, сумен қамту және суды бұру, өнеркәсіптің ақаба суларын тазарту, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын басқару, әртүрлі зауыттардағы су айналымы процестерін жүргізу, облыстық және аудандық су шаруашылығы басқармалары, әртүрлі деңгейдегі әкімшіліктерде су маманы, ҚР АШМ су ресурстары комитетінің облыстық «Қазсушар» РМК және т.б.

 

Қазіргі таңда бүкіл ҚР бойынша барлық дерлік облыстық «Қазсушар» филиалдарын және республикалық бассейндік инспекцияларды, ауыл шаруашылығы министрлігідегі суға қатысты басқармаларды біздің түлектер басқаратынын үлкен мақтанышпен айта аламыз.

 

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР!

 

«Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты университеттегі алғашқы құрылған факультеттердің бірі. Ол 1962 жылы құрылған және содан бері Қазақстанның барлық аймақтарына, шетелдік және отандық фирмаларға су және ауыл шаруашылығы, құрылыс, экология, механизация, су шаруашылығы экономикасы, гидроэнергетика, архитектура және т.б. салалардағы мамандар дайындайды.

Институт табиғат байлығын ұқыпты және тиімді пайдалана алатын, су және құрылыс нысандарын салатын, жобалайтын, пайдалана алатын және мониторинг жүргізе алатын, су пайдалану жүйесін, су және жер қорларын қорғауды басқара алатын мамандар дайындайды. Кез келген мемлекеттің болашағы техникалық және ауылшаруашылық білім беру бағдарламаларын дамытуда.

10 июня 2024
АУДАН ӘКІМІ АТАМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев Атамекен ауылдық округінің әкімі Ерлан Қайнаровпен бірге ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындар аудан басшысына тілек-талаптарын айтып, өзекті мәселелерін ортаға салды. Атап айтсақ: жол, су, ойын алаңы, су дренажы, қоғамдық көлік, тазалық мәселелері және т.б.

Аудан әкімі тұрғындарды мұқият тыңдай отырып, аталған мәселелер бірте-бірте оң шешімін тауып жатқанын айтты. Мысалы, су мәселесі бойынша «Каспий» су тұщыту зауыты салынып жатқанын, зауыт салынып біткенде ауыз су мәселесі шешілетінін жеткізді. Жоспар бойынша зауыт жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, биыл ауылда 4 дана су дренажын орнату жоспарланған. Олар өз кезегінде жаңбыр суының ауыл сыртына ағып кетуіне септігін тигізбек.

Былтыр Арай, Қаламқас тұрғын алабтарында өтпелі кезеңмен 7,8 шақырым асфальт төселіп жатыр. Биыл осы тұрғын алабтарда 1 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынады, сонымен қатар, ауыл ішінде грейдерлеу жоспарланған.

Бұдан бөлек, ауылда тағы 2 дана стритворкаутымен бірге ойын - алаңы салынбақ.

Аудан әкімі «Көктем», «Шағала» тұрғын алабтарында канализация салынатынын айтып өтті.

Ауыл әкімі Ерлан Қайнаров өз есебінде былтыр өткен тұрғындармен кездесуде келіп түскен өтініштер орындалып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, былтыр тұрғындардан 23 өтініш келсе, оның 16-сы орындалған, ал 7-сі бақылауда.

Кездесуге келген әр тұрғынға толық жауап бере отырып, аудан әкімі көтерілген мәселенің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын айтты.

07 июня 2024
Атамекен ауылдық округінде қолданыстағы жол белгілерін қалпына келтіру жұмысы жүруде

Атамекен ауылдық округінде ауылішілік автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша жауапты мердігер мекеме тарапынан қолданыстағы жол белгілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, ескіргендерін ауыстыру жаңарту жұмыстары жүргізілді және жолақ сызықтар (разметка) сызылды.

07 июня 2024
Батыр ауылдық округінде асфальт төселуде

Батыр ауылдық округінің «Хазар» шағын ауданында асфальт төселуде.

- Бұл «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асуда. Былтыр ауылда 7,7 шақырым жол төселуі қажет болған, алайда оның 1,8 шақырымы төселмей қалған. Қазіргі таңда сол 1,8 шақырым жолды төсеу жұмысы жүруде. Аталған процесс маусым айының соңына дейін аяқталады, - дейді ауыл әкімінің орынбасары Руслан Ершаев.

27 мая 2024
Баспасөз аңдатпасы

2024 жылдың 11 маусымында сағат 10:00-де "БЖЗҚ" АҚ онлайн-форматта "Ашық есік күнін" өткізеді.

Іс-шараның тақырыбы: "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар".

Онлайн-кездесу барысында БЖЗҚ мамандары электрондық форматта көрсетілетін қызметтер туралы баяндайды. Сондай-ақ соңғы уақытта енгізілген жаңалықтармен таныстырады. 

Шараға қатысушылар негізгі күн тәртібінен басқа жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы барлық мәселелер бойынша білікті мамандардан кеңес ала алады.  

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mc0755583464e51dfb822f979d44fdd04.

Event-мәжіліс нөмірі: 2517 227 3193

Event-мәжіліс құпиясөзі: 102030

27 мая 2024
БЖЗҚ-да "Ашық есік күні"

Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнін"өткізеді.

Күннің басты тақырыбы - "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар".

БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерін қалай дұрыс пайдалануға болады? Ол үшін не қажет? 2024 жылы қандай жаңалықтар қолжетімді болды?

Осы және өзге де сұрақтарға аталмыш іс-шара барысында Қор мамандары жауап береді.

Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні " іс-шарасы онлайн-форматта 2024 жылдың 11 маусымы күні сағат 10:00-де өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mc0755583464e51dfb822f979d44fdd04 бойынша өту қажет.

Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2517 227 3193 және event-кеңестің паролін 102030 енгізіңіз.

"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күнінде" өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!

27 мая 2024
"БЖЗҚ" АҚ-да "Ашық есік күні"

Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2024 жылдың 11 маусымында "БЖЗҚ" АҚ "Цифрлық БЖЗҚ. Қордың электрондық қызметтеріндегі жаңашылдықтар" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.

 

         Қазір БЖЗҚ салымшылары Қор көрсететін қызметтердің 90% астамын әртүрлі электрондық сервистердің көмегімен алады. Шоттарды ашу және төлемдердің көптеген түрлерін жүзеге асыру қызметі жоғары сұранысқа ие болғанына қарамастан, соңғы уақытта Қордың электрондық түрде көрсетілетін басқа да қызметтеріне де сұраныс артып келеді. Олар: деректемелерге өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, үзінді көшірмелердің түрлерін қарау және оларды алу, зейнетақы калькуляторының көмегімен зейнетақыны болжамды есептеу және басқалар.

          Онлайн-кездесу форматында өтетін іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға осы және басқа да электрондық қызметтер, оның ішінде 2024 жылы енгізілген қызметтер және оларды алу үшін не қажет екендігі туралы баяндап береді.

          Онлайн кездесуге барлық ниет білдірушілер, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылады. Бұл салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты жаңалықтарды жариялайтын журналистерге де пайдалы болады деген үміттеміз.

 

          Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

Сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mc0755583464e51dfb822f979d44fdd04.

event-мәжіліс нөмірі: 2517 227 3193

event-мәжіліс құпиясөзі: 102030 

24 мая 2024
Сұранысқа ие цифрлық кадастрлық қызметтер белгілі болды

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі арқылы 2,5 млн-нан астам қызмет көрсетілді. Ең жиі алынатын анықтама - жылжымайтын мүліктің болуы және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ЖМБМК АЖ 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген болатын. Бұл жүйеге жер және құқықтық кадастрлардың деректері біріктірілді.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйенің көмегімен жылжымайтын мүлік саласында 8 мемлекеттік қызмет және жер кадастры желісі бойынша 4 қызмет көрсетіледі. Мұнда, мәселен, құқық белгілейтін құжаттар мен техникалық паспорттардың телнұсқаларын алуға, жер учаскесінің кадастрлық паспортына тапсырыс беруге және алуға, учаскені бағалауға болады.

ЖМБМК маңызды ерекшелігі құжаттарды оңтайландыру болды. Нәтижесінде, жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт және жер учаскесіне акт бір құжатқа - кадастрлық паспортқа біріктірілді.

Айта кетейік, бүгінде «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» арқылы 466 660 кадастрлық паспорт берілді.

Жерге байланысты қызметтер бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке тұру қызметі сұранысқа ие. Мәселен, 2022 жылдың 1 наурызынан бастап 3,9 млн қазақстандық жеке түрғын үй құрылысы мақсатында 10 соттық жерге кезекке тұрды.

24 мая 2024
Қазақстанда 103 мыңнан астам неке тіркелді

Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» арнайы статистика дайындады.

Мемлекеттік корпорация 10 айда 103 мыңнан астам неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 40 мың жаңа отбасы құрылды.

Неке саны бойынша көш бастап тұрған Алматы, Астана және Шымкент қалалары.

Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап еліміздің 328 мың  азаматының тууы тіркелді.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Астанада, Қарағандыда, Алматыда және Қостанайда некені салтанатты түрде тіркейді және бұл қызметті басқа қалаларда енгізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, баланың тууын салтанатты тіркеуді енгізу жоспарлануда.  Қазірдің өзінде туу туралы куәліктерді жеткізу және оларды ата-аналарына тікелей перзентханаларда табыстау бойынша Астананың медициналық мекемелерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Елордадағы пилоттық жоба сұранысқа ие болған жағдайда, жоба ауқымы кеңейетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке»  азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.

24 мая 2024
59 млрд тенге: қазақстандықтардың зейнетақы шотына жұмыс берушілерден алғашқы жарналар түсті

«Азаматтарға арналған үкімет» 2024 жылдың төрт айында 59 млрд теңге мөлшерінде 1,7 млн төлем өңдеді. Бұл сома биыл алғаш рет енгізілген жаңа төлемнің – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының сомасы.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 1975 жылдың 1 қаңтарынан кейін туылған әр қызметкер үшін табысының 1,5% мөлшерінде төленеді. Жарна алдымен «Азаматтарға арналған үкіметтің» шотына түседі. Мемлекеттік корпорация Әлеуметтік Кодекстің 17-бабына сәйкес әр салымшының барлық зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді. Содан кейін ЖБМЗЖ сомасы үш жұмыс күннің ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шартты зейнетақы шоттарына аударылады.

ЖБМЗЖ-ның он пайыздық зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) айырмашылығы - бұл сома қызметкердің меншігі болып есептелмейді, капиталдандырылмайды және мұра ретінде қалдырылмайды.

Шартты жинақтар - зейнетақы жүйесіндегі қосымша деңгей. Зейнетақының бір бөлігін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарынан алу үшін жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем болмау керек. Бұл ретте жинақталған ЖБМЗЖ-ның біржолғы төлем сомасы 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспауы тиіс.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы