Ауданда «Best Fest AUYL» концерті өтті

Ауданда «Best Fest AUYL» концерті өтті

Бүгін аудан орталығында «BS Holding» құрылыс компаниясының қолдауымен «BeSt Fest AUYL» концерті өтті.

 

Көңілді өнер кешінің шымылдығын ашқан аудан әкімі Ғалымжан Ниязов шығармашылық топқа сәттілік тілеп, меценат жерлесіміз Сұңғат Мұңалбаевқа өнірлерді көркейту мен спорттың дамуына қосқан ерекше еңбегі үшін ҚР Президентінің телерадиокешенінде «Жақсы адам -2024» премиясы тапсырылғанын тілге тиек етті.

 

Концертте танымал эстрада жұлдыздары Понти Жорабеков, Бауыржан Ретбаев, Дегдар Жолдасбай өнер көрсетті.

 

Концерт тамашалауға келген қарасы қалың көрермен арасында ойындар (ұтыс) ойнатылып, тұрғындар риза болып тарасты.

 

Айта кетейік, өнерпаздар Ақшымырау, Қызан, Тұщықұдық ауылдарын да әнге бөлеп сапарлап қайтты.