Бүгін аудан әкімі Ғалымжан Ниязовтың қабылдауына 12 тұрғын келіп, өздерінің әлеуметтік мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келген азаматтар негізінен тұрғын үй кезегі, мемлекеттік бағдарламамен үй алу, жер мәселелері мен жұмысқа орналасу жайлы сұрақтарын қойды.
Әрбір тұрғынның сұрағы тыңдалып, мүмкіндігіне қарай орындалу жолдары қаралды. Аудан әкімі бірқатар сұрақтардың шешімін табуға бағытталған нақты қадамдарды белгіледі, сондай-ақ өндіріс орындарынан жұмыс сұраушыларға жағдай түсіндірілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері аудан әкімінің қабылдауына 74 тұрғын келген. Бұл қабылдау азаматтар мен әкімшілік арасындағы ашық диалогтың маңызды құралы екендігін көрсетеді. Әкімдік тұрғындардың мәселелеріне дер кезінде жауап беріп, оларды шешу бағытында жұмыс жүргізуде.