Маңғыстау ауданының серпіні: ауылға қарасты шағын елдімкендегі шаруалар шешімі

Маңғыстау ауданының серпіні: ауылға қарасты шағын елдімкендегі шаруалар шешімі

Маңғыстау ауданының серпіні: ауылға қарасты шағын елдімкендегі шаруалар шешімі

 

Кеше аудан әкімі жұмыс сапарымен Боздақ елдімекеніне барды.

Алдымен ауылдағы екі қабатты төрт үйдің жөндеу жұмысымен танысқанда мердігер мекеме өкілі жобалық сметаға сай жұмыс жасалуда, дегенмен үйлер алдына салынған қосымша құрылыстар кедергі келтіріп отырғанын жеткізді. Сонымен бірге екі қабатты төрт үйде барлығы - 64 пәтер болса, оның 16 пәтерінде адам қоныстанған, деген ауыл әкімі Сабыржан Әбдиев осы үйлер салынғанына 60 жылдай уақыт өтсе де жөндеу көрмегенін айта келе, үйлер алдындағы бау-бақшасын қалдырып, заңсыз салынған көрер көзге оғаш көрінетін құрылыстарды алдыруға жұмыстанатынын жеткізді.
Аудан басшысы елді мекеннің сәулеттік келбетін бұзбай заң аясында жұмыс жалғастыруды тапсырды.

Ғалымжан Мұқырұлы жылу маусымының соңғы күніндегі сапарында: -Ауылдағы екі этажды төрт үйден жылу маусымында тек ғана 4 пәтер иесі мен бастауыш мектеп мекемесі жылу пайдалануға келісім жасауына байланысты жылыту маусымында әр ай сайын 900 мың қаржы шығындалса, кірісі 200 мың теңге көлемін құрап мекеме үшін тиімсіз болып отыр,- деген "Маңғыстау жылу, су» мекемесінің басшысы Т.Ермановқа мекеменің бірнеше жылдан бері өзін ақтамай тек былтыр қарыздарынан алажағының көбейгенін ескертіп бюджет қаржысын тиімді пайдалану үшін ауыл әкімімен бірге "қыстың қамын жаз ойла" демекші бүгіннен бастап тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Ауыл әкімі осындағы 1965 жылы құрылған кәріз жүйесі нысаны «Теміржол су» ЖШС-інен «Маңғыстау жылу, су» мекемесі теңгеріміне берілгенімен қараусыздау күйде тұрғанын айтты. Одан әрі кәріз су құбыры нысанын көрген аудан басшысы баланс ұстаушы мекемеге жауапкершілік жүктеді. Сондай -ақ, өткен жылы қолданысқа берілген су тұщыту және жинау орталығына барды.

Аудандық білім бөлімі Е.Мәжитовпен мектеп басшысы Айгүл Бүркітоваға ғимаратқа орталық жылудан ажыратып өз алдына жеке модульдық жылу орталығын салуды ұсынды.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1221376805490579&id=100028548125391