2023 жылы енгізілетін жаңашылдықтар

2023 жылы енгізілетін жаңашылдықтар

2023 жылы енгізілетін жаңашылдықтар

 

01.01.2023 жылдан бастап Қазақстанда бірыңғай төлем енгізілді.

Салық кодексіне 2023 жылдан бастап "Бірыңғай төлем" 89-1 жаңа тарауы қосылды.

Жалақыдан бірыңғай төлемді арнайы салық режимдері бойынша жұмыс істейтін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады:

  • Жеңілдетілген декларация негізінде АСР;
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған АСР.

            Олар сондай-ақ, қызметкерлердің табысынан бірыңғай төлемді аудару бөлігінде салық агенттері ретінде әрекет етеді.

Бірыңғай төлемге: 

  • қызметкерлердің табысынан ЖТС,
  • міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ),
  • әлеуметтік аударымдар,
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар.

Бірыңғай төлем мөлшерлемесі:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 20,0 пайыз;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 21,5 пайыз;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 23,8 пайыз;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 24,8 пайыз;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 25,8 пайыз;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 26,3 пайыз.

Бірыңғай төлем төлеушілер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі МЗЖ үлесі:

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50,0 %;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 46,5 %;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 42,0 %;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 40,3 %;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,8 %;

2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 38,0 %.

Бірыңғай төлемді аудару мерзімі - ай сайын, екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының банктік шотына есепті кезеңнен кейінгі 25-ші күннен кешіктірмей аударылуы тиіс.

Бірыңғай төлемді енгізу АСР бойынша жұмыс істейтін шағын бизнес өкілдеріне салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуді жеңілдетуі тиіс. Ол енді бір төлем тапсырмасымен жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ, тағы бір артықшылық – бұл төлемнің жалпы сомасының мөлшері бөлек төлемге қарағанда аз. Сонымен қатар, салық агенті қызметкерлердің тиісті декларацияда төлем көзінен салық салуға жататын табыстарына салық салудың бірыңғай тәртібін дербес айқындайды. Бастапқы немесе кезекті декларацияда төлем көзінен салық салуға жататын қызметкерлердің табыстарына салық салудың таңдалған тәртібі салық кезеңі ішінде өзгертілуге жатпайды.

Сондай-ақ, өзгерістер "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағындағы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (ортақ зейнетақы) есептеу үшін қолданылатын ең жоғары табыс шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін ұлғайту бөлігіне де әсер етті. Бұл жүйеге жаңадан кірген зейнеткерлерге, сондай-ақ бұрыннан бар зейнеткерлерге де қатысты.

Бұл ретте 01.01.2023 ж. дейін зейнетке шыққан зейнеткерлер бойынша зейнетақыны қайта есептеу зейнетақының мөлшерін есептеу үшін 3 жылдағы орташа табысы 46 АЕК-тен жоғары болған адамдарға ғана қатысты болады.

Сондай-ақ, базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ұлғайтылды. Қазір ол 24 341 теңгеге тең (2023 жылы 40 567 теңгені құрайтын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%).

2022 жылы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 20 191 теңге болған (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%, ол 2022 жылы 37 389 теңгені құрады).

            Бұдан басқа, осыған дейін хабарланғандай, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін лайықты демалысқа шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер 5% ұлғайды.

            Нәтижесінде жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақысының жиынтық мөлшері артты.

            Тағы бір жаңалық - 01.01.2023 жылдан бастап 01.01.2028 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы – 61 жас.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).