Маңғыстау ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою комиссиясының кезекті отырысы өтті

Маңғыстау ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою комиссиясының кезекті отырысы өтті

Маңғыстау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің 2021 жылдың І-тоқсанына арналған жұмыс жоспарының негізінде аудан әкімі Т.Көшмағанбетовтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 10 ақпан күні Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезекті отырысы  өткізілді. Отырыс барысында «Маңғыстау аудандық Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2020 жылғы жұмыстарының қорытындысы мен 2021 жылға арналған азаматтық қорғаудың облыстық жүйесін дамытудағы басты бағыттары туралы», «Көктемгі нөсер жауындағы қарғын судан елді-мекендерді, темір жол және автомобиль жолдарын қорғау, суағарлардың және күш – құралдардың дайындығы туралы» және «Маңғыстау ауданы бойынша Азаматтық қорғаныстың қорғану ғимараттарының және жеке қорғау құралдарын (газ қағар) сатып алу үшін есебін жасақтап, облыстық құзырлы органдарға қаржыландыру бойынша ұсыныстар беру туралы» мәселелер талқыланды.