Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының директоры қызметіне Мейрбек Айтматов тағайындалды.

Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының директоры қызметіне Мейрбек Айтматов тағайындалды.
Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының жаңа директоры тағайындалды
Маңғыстау аудандық орталық ауруханасының директоры қызметіне Мейрбек Айтматов тағайындалды.
Жаңа басшысы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров пен Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиев ұжымға таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Мейрбек Айтматов 1984 жылы дүниеге келген. Ол Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медицина академиясын «Отоларинголог» мамандығы бойынша аяқтаған. Сонымен қатар, Қазақстан медицина университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі» дәрежесін алып, нарколог, эксперт дәрігер, онколог бағыттары бойынша қайта даярлау курстарынан өткен.
Мейрбек Гарифоллаұлы еңбек жолында Оңтүстік Қазақстанда түрлі медициналық мекемеде жұмыс істеді. Ол бірнеше жыл бойы Қазығұрт аудандық орталық емханасында отоларинголог дәрігері ретінде жұмыс істеді. Сонымен қатар, онкологиялық диспансерінде эксперт, онколог, емханада отоларинголог, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер қызметін атқарды.
Мейрбек Айтматов 2025 жылдан бастап бүгінге дейін Маңғыстау облысының «Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасында» директордың сапа жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі