Биыл Маңғыстау ауданында 120 жас маманға әлеуметтік төлем беріледі

Биыл Маңғыстау ауданында 120 жас маманға әлеуметтік төлем беріледі
Биыл Маңғыстау ауданында 120 жас маманға әлеуметтік төлем беріледі
Аудан әкімі Ғалымжан Ниязов аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары мен 2026 жылға арналған жоспарын тыңдады.
Бөлім басшысы Орынғали Күзембаев 2025 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы баяндап, негізгі көрсеткіштерге тоқталды. Айтылған мәліметтерге сәйкес, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы 116 жас маманға біржолғы 45 млн 611 мың теңге әлеуметтік төлем беріліп, 55 маман ( білім-38, денсаулық-11, мәдениет және спорт-4, агрокешен-2) 507 млн 228 мың теңге тұрғын үй несиесіне қол жеткізген.
Аталған бағдарлама 2026 жылы да жалғасын табады. Жоспарға сәйкес, биыл 120 жас маманға біржолғы әлеуметтік төлем төленіп, 50 маманды тұрғын үймен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Сондай-ақ жиында ауданның коммуналдық меншігіне қатысты ақпарат берілді. Қазіргі таңда Маңғыстау ауданының коммуналдық меншігінде 70-тен астам көлік бар. Оның ішінде өрт сөндіру автокөліктері мен түрлі арнайы техникалар қамтылған.
Бұдан бөлек, мүлікті жалға беру және сенімгерлік басқаруға беру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқаны айтылды.
Жиын соңында алдағы кезеңге қойылған міндеттер мен даму бағыттары нақтыланып, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету басты мақсат екені атап өтілді.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз
қызметі